Әлемдегі күллі орманның аумағы қанша гектар немесе планетаға ең зиянды он орман
Әлемдегі күллі орманның аумағы қанша гектар немесе планетаға ең зиянды он орман
3 жыл бұрын 3071 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

UNESCO (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization) мемлекет қамқорлығы мен қорғауына алынған он орманды атады – соңғы 20 жылда көмірқышқыл газын сіңіргеннен гөрі бөлгені көп ормандар турасында сөз болып отыр бұл арады. Бұл жайында islam.kz порталы планетаға зияны көп ормандар тізімін жасаған Халықаралық табиғатты қорғау одағына (iucn.org ақпарат көзіне) сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

  • Суматрдағы  тропикалық орман (Индонезия);
  • Рио-Платанодағы биосфералық қорық (Гондурас);
  • Йосемитидегі ұлттық бақ (АҚШ);
  • Уотертон-Глейшер халықаралық әлем бағы (Канада);
  • Барбертон-Махонжуа тауы (ОАР);
  • Кинабалу бағы (Малайзия);
  • Уус-Нұр көлі (Ресей, Моңғолия);
  • Гранд-Каньон ұлттық бағы (АҚШ);
  • Үлкен Көгілдер тау (Австралия);
  • Морн-Труа-Питон ұлттық бағы (Доминика).

Мұндағы дисбаланс (тепе-теңдіктік бұзылу) себебі антропогендік факторда жатыр, яғни, адамның әрекетін орын алып отыр: заңсыз орманды отау, орманды ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланатын жерге (егістік немесе жайылым) айналдыру, т.б. Бұдан бөлек, орман өрті мен құрғақшылық.

Күллі әлемдегі орман аумағын 69 млн гектар (Германия аумағынан шамамен екі есе үлкен). Күллі орман жыл сайын шамамен 190 млн тонна CO₂ (көмір қышқыл газын) сіңіреді. 

0 пікір
Мұрағат