2100 жылға дейін климат дағдарысының салдары қандай?
2100 жылға дейін климат дағдарысының салдары қандай?
2 жыл бұрын 1707 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Халықаралық ғалымдар тобы осы ғасырдың аяғына дейінгі жаһандық жылынудың кезең-кезеңімен орын алатын салдарының қандай болатынын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы planetanovosti ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сонымен...

Ғалымдардың болжамы бойынша таяу он жылда парникті газдың атмосфераға бөліну деңгейі кемімесе, өлім-жітім көрсеткіші күрт артады, дәлірегі, жыл сайын аптап ыстықтан шамамен 10 млн адам ажал құшады. Әлем бойынша 400 млн адам кеңседен шықпай жұмыс істейді. 20 жылдан соң ауа температурасының жоғары болуынан жыл сайын жарты жылға созылатын құрғақшылықтан көз ашпайды адамзат. Бұл адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізіп қоймай, сонымен қатар, ғұмырын қысқартады, яғни, өмір сүру ұзақтығын азайтады. Бұдан бөлек, 2050 жылға қарай астық түсімі әлем бойынша 30%-ға кеміп, азық-түлік дағдарысын тереңдетеді. Бұл құрғақшылықтан, әсіресе, халқы көп Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия қатты зардап шегеді. 2050 жылы 200 млн адам климат босқыны атады, яғни, тасқын-селден, құрғақшылықтын, жантөзгісіз аптап ыстықтан туып-өскен жерінен безіп кетеді тура мағынасында. 2050 жылы аптап ыстықтан адамзаттың 70%-ы зардап шегетін болады.

0 пікір
Мұрағат