Әлемдегі ең ықпалды 25 әйелдің бірі – 15 жастағы ауған қызы (видео)
Әлемдегі ең ықпалды 25 әйелдің бірі – 15 жастағы ауған қызы (видео)
2 жыл бұрын 2917 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Financial Times мерзімді басылымы Сутуда Фурутан есімді 15 жастағы ауған қызын әлемдегі ең ықпалды 24 әйелдің қатарына қосыпты. Бұл жайында islam.kz порталы Financial Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның кандидатурасын Нобел сыйлығының иегері Малала Жүсіпсай ұсынған. Билік басына келген тәліптер радикалды қозғалысынан (Қазақстан мен әлемнің көптеген елінде қызметі мен насихатына тыйым салынған ұйым – ред.) қаймықпай, ауған әйелдерінің құқығын қорғау жолында басын қатерге тіккені үшін. Дәлірегі, Сутуда Фурутан ауған қыздарының білім алу құқығын қорғап, Гераттағы қыздардың мектепке оралуына ықпал еткен. Билік басына келген тәліптер елдегі қыз балаларға мектепке баруына тыйым салған болатын. Соңғы ақпаратқа қарағанда, бұл айтылғаннан бөлек, тәліптер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерді паналататын барлық ұйымның есігіне құлып салған. Ол ол ма, әйеліне қол көтеріп, «күн көрсетпейтін» ерлерді түрмеден бостандыққа шығарған. Бұл деректі Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы келтіріп отыр. Тәліптер қыркүйек айының орта шенінде елдегі әйелдер ісі жөніндегі министрлікті таратып, оның орнына ислам құндылықтарын дәріптеу және жамандықтың алдын алу министрлігін құрған болатын. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша тәліптердің әйелдерге жұмыс істеуіне салған тыйымнан ауған экономикасы 1 млрд доллар шығын көрмек, яғни, Ауғанстан жалпы ішкі өнімінің 5%-нан айырылмақ. Ауған әйелдері елдегі жұмыс орнының 20%-ын қамтып отыр. Қарай отырыңыз: «Тәліптер ауған әйелдерінің құқығын қорғау батығында маңызды қадам жасады» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-augan-aielderinin-quqygyn-qorgau-batygynda-manyzdy-qadam-jasady-16125/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат