Әлемде тұңғыш рет құрма саудасының онлайн платформасы іске қосылды
Әлемде тұңғыш рет құрма саудасының онлайн платформасы іске қосылды
3 жыл бұрын 2900 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігі әлемде тұңғыш рет құрма сауда-саттығының онлайн-алтформасын іске қосты. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш платформа жергілікті фермерлерге өз өнімдерін әлемнің әр түкпіріне тікелей сатуына мүмкіндік береді. Бұл жайт өз кезегінде құрма бағасының тұтынушылар үшін қолайлы болуына ықпал етпек. eZad платформасының алғашқы кезеңінде құрма жиын-терінінің алғашқы маусымында, дәлірегі, тамыз айында саудаға шығарылады. Өнім туралы ақпарат сатып алушыға 48 сағаттың ішінде белгілі болады. Сатып алушылар құрманың бағасы, түрі, мөлшері мәне сапасы туралы жаңғыртылып отыратын ақпараттарды іздеп, сүзгіден өткізе алады. Бұдан бөлек, сатып алушы құрманы жергілікті қоймалардың бірінен тікелей ала алады немесе құрманы сақтау, қаптау, тиеу, жуу, жеткізу секілді қызметтерге әлемнің кез келген түкпірінде жүгіне алады.

0 пікір
Мұрағат