Әлемде пластикпен ең қатты ластанған ел аталды
Әлемде пластикпен ең қатты ластанған ел аталды
1 ай бұрын 578 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританияның Лидс университетінің ғалымдары жасанды зерде көмегімен Үндістанның жиналмаған полимер қалдықтарының ластануы бойынша әлемде бірінші орында тұрған ел екенін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта британдық зерттеушілер полимер қалдықтарының таралу аумағының ең егжей-тегжейлі жаһандық моделін құрастырды. Сарапшылардың пікірінше, материалдық жүйелер деп аталатын пластикалық қалдықтардың мөлшерін анықтау қиынға соққан. Бұл санатқа қоқыс таситын көліктерден, қоқыс жәшіктерінен қоршаған ортаға түсетін және адамдар кездейсоқ немесе әдейі көшеге тастайтын қалдықтар кіреді. Ғалымдардың айтуынша, жыл сайын қалдықтарды өңдеу жүйесінен шамамен 52 миллион тонна пластик тыс қалады. Полимер қалдықтарының ластануы бойынша Үндістан бірінші орында тұр, оның тұрғындары жылына 9,3 миллион тоннасын қоршаған ортаға тастайды. Одан кейінгі орындардан Нигерия мен Индонезия көрінген – олардағы пластик қоқыс деңгейі Үндістанмен салыстырғанда 2,7 есе төмен.

0 пікір
Мұрағат