Әлемде жылына 7 миллион адам ауаның ластануынан көз жұмады (видео)
Әлемде жылына 7 миллион адам ауаның ластануынан көз жұмады (видео)
8 жыл бұрын 3254 24.kz 4tololo.ru

Әлемнің алып шаһарларында ауаның ластануынан жылына 7 миллион адам ажал құшады. Мұндай мәлімдемені Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы жасады. Ұйымның 2014 жылы жасаған зерттеу қорытындысында ауасы ластанған қалалар саны 1600 болған. Арада екі жыл өткенде бұл көрсеткіш екі есеге артқан. Бүгінде әлемнің 103 елінің 3 мың қаласының тұрғындары лас ауамен тыныс алуда. Олардың ішінде ауасы ең лас қалалар көшін Қытай мен Үндістан шаһарлары бастап тұр. Мария Нейра, ДДСҰ-ның Қоғам денсаулығын сақтау ісі бойынша директоры:  - Ауаның ластануы адамзат денсаулығына кері әсер ететін негізгі факторлардың бірі екенін халық жақсы түсінуі тиіс. Ал көк түтін көмкерген қалалардың басшылары ауа тазалығын сақтауға барынша күш жұмсап, оны үнемі бақылауда ұстауы керек. Сонда ғана тұрғындардың денсаулығына төнетін қауіп сейілмек.

 

0 пікір
Мұрағат