Әлем халқының 3,6%-ға жуығы - мигранттар
Әлем халқының 3,6%-ға жуығы - мигранттар
1 жыл бұрын 1579 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бір елден екінші елге көшкен немесе уақытша қоныс аударған мигранттар саны әлемде 280 миллионнан асты, бұл көрсеткіш әлем халқының санына шаққанда 3,6 пайызды құрайды. Бұл жайында islam.kz порталы aa.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бұл арада туған елінен тыс жерде тұрып, жұмыс істейтін адамдар турасында сөз болып отыр. Жайлы өмір іздеген немесе табысы жоғары елдерге ағылатын мигранттар қарасы жылдан жылға артып келеді. Олар негізінен, яғни, миграциялық процесс өз кезегінде халқы қартайып бара жатқан елдердің өндірісін жандандырып, экономикасының кері кетпеуіне атсалысып, сол елдің экономикасына да, сондай-ақ, ақша аударымдары арқылы өз елінің экономикасына да пайда түсіреді. Соңғы жылдары халықаралық көші-қон ауқымы тұрақты түрде өсуде: 2020 жылы әлемде 1990 жылмен салыстырғанда 128 миллионға, ал 1970 жылмен салыстырғанда үш есеге артық мигрант болды. Соңғы он жылда мигранттар үшін ең тартымды елдердің көш басында Америка Құрама Штаттары мен Германия тұр. 1970 жылы АҚШ-та 12 миллион халықаралық мигрант болса, бүгінде олардың қарасы 51 миллионнан асып кеткен. Ал Германияға келсек, соңғы 10 жылда ғана халықаралық мигранттар саны 8,9 миллионнан 16 миллионға дейін өскен. Сонымен қатар, Франция, Ресей Федерациясы, Біріккен Араб Әмірлігі және Сауд Арабиясы мигранттар үшін тартымды елдер қатарында тұр. Біріккен Араб Әмірліктерінде халықтың 88 пайызын халықаралық еңбек мигранттары құрайды. Кәрі құрлықта 87 миллион шетелдік жұмысшы нәпақасын айырып жүрсе, Азияда бұл көрсеткіш 86 миллионның айналасында. 59 миллион халықаралық мигрант жұмыс істейтін Солтүстік Америкада бл тараптағы көрсеткіш бүкіл әлемдік көші-қон ағынының 21 пайызын құрайды. Мигранттардың 9 пайызы – Африкада. Мигранттардың туған отанына келетін болсақ, халықаралық мигранттардың 40 пайызы Азияның алты елінен: Үндістан, Қытай, Бангладеш, Пәкістан, Филиппин және Ауғанстан. Халықаралық мигранттар арасында иммигранттар саны бойынша Үндістаннан кейін Мексика екінші орында, Ресей үшінші орында тұр.

0 пікір
Мұрағат