Әлем бойынша терроризмнен қанша шығын келді?
Әлем бойынша терроризмнен қанша шығын келді?
8 жыл бұрын 3076

Халықаралық терроризм әлемнің  басы ауруына, яғни, №1 проблемасына айналды. Соңғы уақытта екінің бірі, ерінбегеннің бәрі айтатын, тұрақты терминге айналған бұл жат құбылыс әлем экономикасына орасан зор залал келтірген -  52,9 млрд $. Бұл мәлімет халықаралық істер жөніндегі кеңестің сарапшылары жариялаған «2016 жылғы халықаралық ынтымақтастықты бағалау» деп аталатын баяндамасында келтірілген екен. Аталған дерек өзінде айтылғандай, терактілер нәтижесінде қаза тапбатындар саны 80%-ға артқан. Әрбір екінші теракті «Ирак және Левант» содырларының және «Боко Харам» лаңкестерінің қолымен жасалған. Өткен жылдың соңында 31 мыңға тарта шетелдік жалдамалы содыр Ирак пен Сирия аумағында лаң салған. Ең қорқыныштысы, аталған содырлар Ауғанстан, Мысыр, Ливия, Йемен және өзге елдерде өз бөлімшелерін ашқан. Террористермен күресудің ең тиімді тәсілі ретінде бұрынғысынша оларды әлемнен оқшаулау, оларды табыс және қаржы көздерін айыру, радикалды көзқарастың таралуына тосқауыл қою болып саналады. 

0 пікір
Мұрағат