|
Әлем бойынша мұсылмандар саны осы аптада екі млрд-тан асты
|
Күллі әлем бойынша мұсылмандар қарасы осы аптады екі млрд адамнан асқан. Global Muslim Population веб-сайтының мәліметінше, 2 006 931 770 адамға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Morocco World News дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінгі таңда исі мұсылман әлем тұрғындарының 25%-дан астамын құрап отыр, дәлірегі, 2 млрд адамға жеткен. Осыған байланысты ислам жамағатының көптігі жағынан христиандықтан кейін екінші орында тұрған дін. Pew Research Center ұйымының 2017 жылғы зерттеу нәтижесіне сәйкес осы ғасырдың екінші жартысында мұсылмандар саны жағынан христиандарды басып озады. 2035 жылы өзге діндегілерге қарағанда мұсылман балалар дүниеге көбірек келеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еуропа елі діни виза алғысы келетін имамдар мен пасторларға, раввиндерге 7 шартты қамтитын ереже қабылдады
■
Үш жылдан соң жаһандық ислам қаржы индустриясының активтері 10 трлн доллардан асады
■
Қасиетті қалада индонезиялықтардың өз ауылы болады
■
Әлемде алғашқы электр қуатынсыз және адам көмегінсіз жұмыс істейтін ДНҚ-компьютер пайда болды
■
Химиктер айна өмірді табудың алғашқы әдісін ұсынды