Әлем бойынша кедейлікті жеңуден келетін залал-зиян сарапқа салынды
Әлем бойынша кедейлікті жеңуден келетін залал-зиян сарапқа салынды
2 жыл бұрын 1985 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Нидерландының Гронинген университетінің ғалымдары күллі әлем бойынша тақыр кедейлікті жою барысында кқмірқышқыл газының атмосфераны ластау деңгейі қаншалықты өзгеретінін анықтап көрген екен. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта есеп жүргізген сарапшылардың келтірген дерегіне сәйкес кедейлік қамытындағы елдердің өмір сүру сапасын жақсартудан (денсаулық, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, инфрақұрылым, т.б.) қоршаған ортаға титтей залал да келмейді. Яғни, тұрмысы төмен тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру өз кезегінде экологияға салмақ түсіретін жобалардан қоршаған ортаға залал келеді деген пікірдің негізсіз екенін көрсетіп берген. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша күніне күнкөрісіне тек 1,9 доллардан аса қаржы ғана жұмсайтындар «сілкіп салар сырмағы» жоқ тақыр кедейлік санатына жатқызылады. Мәселен, 2104 жылғы мағлұматқа үңілсеңіз, әлемде бір млрд-тан аса адам осы санаттан табылған болатын. Олардың дені атмосфераға парникті газ аз бөлінетін Африка құрлығында және Оңтүстік Америка елдерінде болатын. Ал табысы жоғары елдерде атмосфераның көмірқышқыл газымен ластану деңгейі өте жоғары болатын – кедей елдердің 50 пайызының бұл тараптағы көрсеткішінен ауаның ластану деңгейі 75 есе жоғары еді. Ғалымдар  бұл бағытта орын алуы ықтимал бірнеше сценариді қарастырып, сарапқа салып көрген екен – ғаламдық кедейлікті жою науқаны қолға алынғанда әлемдік экологиялық хауалдың қалай өрбитініне қатысты сценарилер турасында сөз болып отыр бұл арада. Бұл сценариде кедей елдердің демографиялық ахуалын немесе энергетикалық әлеуетін өзгерту қарастырылмаған. Теориялық тәжірибе нәтижесі бойынша кедейлікті жою барысында атмосфераға бөлінетін парникті газдың мөлшері бір пайызға да жетпейтін болды. Ал оларды тақыр кедейлік қамытынан шығарып қоймай әл-ауқатын жақсарту бағытында тағы шаралар қолға алынса, онда мынадай картина пайда болмақ: күнделікті шығыны 5,5 доллардан аспайтын кедейлік шегінен жоғары топтағы адамдардың табысы өссе, атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтар мөлшері 18 пайызға артады. 

0 пікір
Мұрағат