Әйелінің көзіне шөп салған еркектер сотталады
Әйелінің көзіне шөп салған еркектер сотталады
8 жыл бұрын 3562

Камерун заң шығарушылары әйелдеріне адал болмаған еркектерді түрмеге тоғытатын мизам қабылдағалы жатыр. Бұл туралы "BBC News" ақпарына сүйенген "ras.kz" хабарлады. Қазір елдің парламентінде осыған сәйкес талқылау жүруде. «Некеден тыс балалары бар еркектер жазалауына тиіс, өйткені, бұл оның әйеліне адал болмағанын айғақтайды», – деген түсіндірме береді заң шығарушылар. Елдегі нормаға сәйкес, некеден тыс жағдайда жыныстық қатынас жасауға барған әйелдер қазір екі айдан алты айға дейін түрмеге отырғызылып жатыр. Елдің адвокаттар палатасы жаңа өзгерістерге қарсы шықты. Заңгерлердің пікірлерінше, мұндай заң Камерунды артқа қарай лақтырып жіберіп, түрмедегі адамдар санын арттырады. 2015 жылғы 25 ақпанда Оңтүстік Кореяда жұбайлар арасындағы адалдыққа кір келтіргендерді жазалау алынып тасталған болатын.

0 пікір
Мұрағат