|
Әйелді ұрып кеткен ер адам тұтқындалды (видео)
|
Ғаламторда әлдебір ер адамның Мекке қаласының көшесінде өзімен-өзі кетіп бара жатқан әйелге дүйім жұрттың көзінше, тапа тал түсте жұдырық жұмсап, түк болмағандай өз жөнімен кеткені көрсетілген видео дүрбелең тудырды. Бұл жайында Saudi Gazette ақпарат көзі хабар таратты. Оның бұл әрекетін айыптағандардың қарасы көп болды әлеуметтік желілерде. Көшедегі жүргіншілердің бірде-біреуінің әйелге араша түспегені де ғаламтор пайдаланушылардың ашу-ызасын тудырды. Бұл видеодан байқалғандай, Сауд Арабиясында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың әлі де бар екенін көрсетіп берді. Бұл оқыс оқиғаның мән-жайын полиция тексеріп жатыр. Оны Мекке әміршісі Халед әл-Фейсалдың өзі тікелей бақылауына алды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді