Ағаш түрлері жойылып барады. Салдары қандай?
Ағаш түрлері жойылып барады. Салдары қандай?
2 жыл бұрын 3169 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ағаштардың, сүректі өсімдіктердің (ағаш тәрізді өсімдіктер) кейбір түрлерінің жойылуы жергілікті ормандарға ғана емес, бүкіл экожүйеге қауіп төндіретіні белгілі болды. Бұл жайында islam.kz порталы Plants, People, Planet мерзімді басылымындарында жарияланған әлемнің 2о елінен 45 адамнан тұратын халықаралық ғалымдар тобының зерттеу материалына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2021 жылы «Әлемдегі ағаштардың жай-күйі» деп аталатын жаһандық бағалау мәліметінде біздің планетамыздағы барлық ағаш түрлерінің үштен бірі қазіргі уақытта өмір сүру шегінде, яғни, жойылу алдында тұрғанын анықтады. Бұл шама жойылу қаупі төнген 17 500-ге жуық бірегей ағаш түрлерін құрайды. Бұл көрсеткіш жойылып кету қаупі төнген төртаяқтылардың (сүтқоректілер, құстар, қосмекенділер және бауырымен жорғалаушылар) санынан екі есе көп. Ботаникалық бақтарды қорғау жөніндегі биолог Малин Риверс және оның әріптестері бұл шығындардың әлемдік экономикаға, адамзаттың әл-ауқатына, тұрмыс-тіршілігіне және азық-түлік қауіпсіздігіне орасан зор кері әсерін баяндап берді. Адамзат тұтынатын жеміс-жидектің көп бөлігі, дәрі-дәрмек, жаңғақ, т.б. ағаштан алынады, ал бұл өнімдердің сауда-саттық айналымы жылына шамамен 88 млрд долларды құрап отыр. Дамушы елдерде 880 млн адам ағашты отын ретінде пайдаланады. 1,5 млрд адам орман-тоғай маңында, дәлірегі, кем дегенде 5 шақырым қашықта мекендейтіндіктен ағаш тағам мен табыс көзіне айналған. Қысқа қайырғғанда, ағаш жыл сайын әлем экономикасына 1,3 трлн табыс әкеледі. Алайда, орман-тоғай тау-кен өнеркәсібі мен ауыл шаруашылық (жайылым мен егістік алқабы, инфрақұрылым) үін аяусыз оталып жатыр. Әрбір ағаш – біржасушалы және көпжасушалы тіршілік иелерінің барлық түрлерімен, соның ішінде басқа өсімдіктерді, саңырауқұлақтарды, бактерияларды және жануарларды қамтитын өзінің шағын экожүйесі бар өз алдына бөлек жеке әлем. Бір ағаш кесілсе, тұтас әлем жойылады. Ағаш көбінесе айналасындағы бір-бірімен жіпсіз байланған бүкіл өмір торына қолдау көрсететін негізді құрайды. Шындығында, әлемдегі барлық жануарлар мен өсімдіктердің жартысының тіршілігін ағаштар қамтамасыз етеді. Ағаш аман болса, құс та аман, жәндік те аман, т.б. Ағаш домино әсерін (эффектісын) тудыратын, яғни, экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкелетін бірегей өсімдік. Ағаштың маңызы – осындай. Әсіресе, биологиялық әралуандылықты қамтамасыз етудег маңызы зор. Себебі, биологиялық әр алуандылық жұтаң тартса, түрлі сыртқы факторларға, қатерлерге қарсы тұратын иммундық жауап, гендер мен қоршаған ортаның жауап беру деңгейі төмендейді, бұл өз кезегінде Жердегі тіршіліктің өзегін құрайтын өзара әрекеттесулердің күрделі желісін бұзатын көптеген қауіптерге қарсы өмір сүру мүмкіндігінің төмендігін білдіреді. Ағаштардың кейбір түрлері бірегей өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді және оларды басқа түрлермен алмастыруға болмайды. 1970-ші жылдардан бері орман-тоғайды тіршілік ететін түрлер қарасы 53%-ға азайып кеткен.

0 пікір
Мұрағат