|
Африкада аштық азабын тартатындар саны рекордтық деңгейге жетпек
|
2024 жылы Африка құрлығының батысы мен орталық бөлігін жайлаған елдерде 49,5 млн адам аштық азабын тартуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Біріккен Ұлттар Ұйымының келтірген дерегіне жөн сілтеген Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы болжам бойынша аштық азабын тартатындар қарасы биылғы көрсеткіштен үш пайызға өседі. Дәлірегі, олардың саны 6,2 млн адамға дейін көбейеді, яғни, бұл көрсеткіш биылғысымен салыстырғанда 16 пайызға артпақ. Бұған климат дағдарысы (тасқын-сел, құрғақшылық, т.б.), аймақтағы қарулы қақтығыстар және азық-түлік бағасының өсуі себеп болмақ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды