Африка елінде аса ірі газ кен орны табылды
Африка елінде аса ірі газ кен орны табылды
42 минут бұрын 27 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Танзания Мнази шығанағы ауданындағы Kasa-1X ST2 ұңғымасында шамамен 223 миллиард текше фут көлеміндегі табиғи газдың аса ірі кеніші табылғанын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы Аfrica News ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің энергетика министрі Жұма Хомера бұл кен орнынан газ өндірісін келесі айдан қалдырмай бастайтынын мәлімдеді. Ұңғыма Танзания мұнай саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік корпорациясы мен Maurel & Prom француз энергетикалық компаниясына бірдей тиесілі. Танзаниядағы электр энергиясы өндірісінің 80 пайызға жуығын табиғи газ құрайды.

0 пікір
Мұрағат