Адамзаттың 4/1 жер шөгетін аймақтарда тұрады
Адамзаттың 4/1 жер шөгетін аймақтарда тұрады
2 ай бұрын 457 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарының Колорадо тау-кен мектебінің ғалымдары жер шарындағы халықтың төрттен бір бөлігі топырақтың шөгетін аймақтарында тұратынын анықтады. Бұл жайында  islam.kz порталы Geophysical Research Letters (GRL) мерзімді басылымына сілтеме жсай отырып мәлім етеді. Жердің шөгуі ғимараттар мен инфрақұрылымға залал келтіреді. Бұл тарапта жасанды зерде (АІ) жердің шөгуінің негізгі факторына жерасты суын  пайдалануды жатқызған. Одан кейін келесі позициялар орналасқан: сейсмикалық белсенділік, шөгінді жыныстардың қалыңдығы, ең жылы айлардың орташа температурасы, топырақтағы саздың мөлшері және халықтың тығыздығы. AI моделі бойынша мұндай қауіптің деңгейі Оңтүстік Азияда жоғары болып шықты, оның жалпы аумағының 2,2%-ы жылына 50 мм-ден аса  шөгеді. Сонымен қатар, осынау құбылыстан ең көп зардап шегетін адамдардың қарасы осы аймақта көп - 20 миллион адам. Жердің шөгу деңгейі жылына 50 мм-ден асатын басқа елдерге Иран, Филиппин, Коста-Рика, Индонезия және Өзбекстан жатады. Ғалымдар бұл тарапта жер бетінің 6,3 миллион шаршы шақырымнан астамы (әлемдегі жалпы жер аумағының шамамен бес пайызы) жылына бес миллиметрден асатын, инфрақұрылымға зиян келтіруге қауқарлы шөгу жылдамдығына ұшырайтынын анықтады.

0 пікір
Мұрағат