Адамзатты планеталық апаттан небәрі үш қадам ғана бөліп тұр – ғалымдар
Адамзатты планеталық апаттан небәрі үш қадам ғана бөліп тұр – ғалымдар
10 ай бұрын 912 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың пікірінше, жер планетасындағы тепе-теңдік барлық жағынан төмендеп келеді. Озон қабатының деградациясын қоспағанда. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Стокголм қаласындағы тұрақты даму орталығының ғалымдары бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізіп, адамзат тоғыз «планеталық шекараның» алтауын кесіп өтті, деген қорытындыға келген екен. Адамның қолайлы өмір сүруіне теріс әсер ететін шектен асса, планетаның әлеуеті мен мүмкіндігі сарқыла бермек, соның ішінде адамзаттың кесірінен келген залалға байланысты ресурстың орнын толтыратын қайта қалпына келу процесі тұтыну деңгейінен көп төмендей бермек. 2009 жылы ғалымдар тоғыз планетарлық шекара ұғымын енгізді. Бұл тұжырымдама бойынша адамзат тоғыз шекараның алтауын кесіп өткен. Бұл шекараларға климаттың өзгеруі, биоәралуандылықтың жоғалуы, биогеохимиялық өзгерістер, жерді пайдаланудағы өзгерістер, жаһандық тұщы суды тұтыну және басқа да факторлар кіреді. Ғалымдар адамзатқа төнген қауіпті көрнекі мысалмен түсіндіріп көрді, дәлірегі, медицинамен салыстырған екен - 120/80-ден жоғары қан қысымы инфаркке әкелмесе де оның қаупін арттырады.

0 пікір
Мұрағат