Aдамзатқа төнетін ең басты қауіптер аталды
Aдамзатқа төнетін ең басты қауіптер аталды
36 минут бұрын 24 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Lancet сарапшыларының баяндамасына семіздікті, климаттың өзгеруін, жаңа пандемиялар мен ядролық қақтығысты ең басты қатерлер ретінде аталған. Бұл жайында islam.kz порталы Lancet мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Халықаралық комиссия осы ғасырда қандай жаһандық қауіп-қатерлер денсаулықтың ең ірі шығындарына алып келетінін және олардың салдарын қалай қысқартуға болатынын бағалады. Халықаралық сарапшылар тобы 2100 жылға дейін адамзаттың денсаулығы мен әл-ауқатын анықтайтын 17 жаһандық қатерді анықтады. Баяндама Lancet журналында жарияланды. Оның басты қорытындысы: егер мемлекеттер алдын ала қамданып, әрекет етсе, тіпті, салдары ауыр апатты болу ықтмалдылығын азайтуға болады. Бұл тарапта созылмалы аурулар мен әлеуметтік теңсіздіктен бастап ядролық соғысқа және жасанды зердені арам мақсатта пайдалануға дейінгі қауіптердің кең ауқымын қарастырылған екен.

Адамзатты толығымен жою қаупі бар екі қатер

Комиссия адамзаттың құрып кетуіне әкелетін екі факторға ерекше назар аударды: жаңа биологиялық қаруды жасау үшін АІ мүмкіндігін арам мақсатта қолдану қатері және жаппай аштық тудыратын ядролық қақтығыс. Авторлар мұндай оқиғалардың болу ықтималдығын төмен, деп есептейді. Сондай-ақ, талдау шеңберінен тыс биологиялық молекулалардың қарама-қарсы кеңістіктік бағдары бар организмдер - «айналық өмірді» құру қатеріне де баға берілмеді. Аталмыш технология толық қалыптаспаған, ал денсаулыққа төнетін теориялық қауіп-қатерді нақты бағалау әзірге мүмкін емес.

Жаһандық ауқымдағы күнделікті қауіптер

Ғалымдардың есебінше, қалған 15 қауіп-қатердің әрқайсысының азаюы ғасыр соңына дейін ғаламшардағы адамдардың бір миллиард жылдан астам сау-саламат өмірін сақтап қалуы мүмкін. Тізімге ауаның ластануы, антибиотиктерге төзімділік, балалардың тоя тамақтанбауы, климат дағдарысы, денсаулық сақтау саласына халықаралық ұйымдар тарапынан қаржы көмегінің тоқтауы, қарулы қақтығыстар, ішімдік, есірткі қолдану, т.б. жат әдеттер, жоғары қан қысымы кіреді. Тізімді табыс теңсіздігі, білім деңгейінің төмендігі, табиғи пандемия (жануарлардан жұғатын індеттер), семіздік, психикалық денсаулықтың бұзылуы, шылым шегу және жасқа байланысты аурулар толықтырады.

Семіздік алдын алуға болатын шығындар тізімінде көш бастады

Ғалымдардың дерегінше, семіздікпен, денсаулыққа зиянды тағам түрлерін тұтынумен және дене белсенділігінің төмендігімен (аз қимыл-қозғалыспен) күрес 2100 жылға дейін адамзат үшін 23,1 миллиард жыл саламатты өмір сақтай алады. Алды алынған зиянның ауқымы бойынша бұл семіздік індетінен келер залалды COVID-19 пандемиясының 46 салдарымен салыстыруға болады. Одан кейiн бiлiм деңгейiнiң төмендiгi мен табыстың теңсiздiгi жүредi. Зерттеу нәтижесіне сәйкес білім деңгейін көтеру шарасы денсаулық саласына оң әсерін тигізіп қоймай, сонымен қатар, халық өсімінің баяулауының арқасында аурудан болатын ауыртпалықты азайтуы мүмкін. Барлығы ескергенде негізгі болжам бойынша 2025 жылдан бастап 2100 жылға дейін аурулар мен жарақаттар бүкіл әлемде 246 миллиард жыл саламатты өмірді жоғалтуға әкеледі. Бұл көрсеткіш бойынша жиынтық шығынды шамамен 500 COVID-19 пандемиясының салдарымен салыстыруға болады.

0 пікір
Мұрағат