|
Адам құқығын қорғаушылар қуғын-сүргінге көп ұшырайтын елдер белгілі болды
|
Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемнің 38 елі бойынша адам құқығының қорғайтын белсенділер көп қуғын-сүргінге ұшырайтын елдерді атады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша адам құқығын қорғаумен айналысатын белсенділерді, атап айтқанда, қадағалау, қоғам талқысына тастау, қаралау, жала жабу, істемеген қылмысты мойнына ілу, т.б. түрінде қуғын-сүргінге ұшыратқан. БҰҰ-ның "қара тізіміне" енген елдер: Бахрейн, Камерун, Қытай, Колумбия, Куба, Конго, Мысыр, Гватемала, Гондурас, Венгрия, Үндістан, Израиль, Мали, Марокко, Мьянма, Филиппин, Ресей Федерациясы, Сауд Арабиясы, Таиланд, Түркия және Венесуэла. Бұл елдерде көбіне ұлттық қауіпсіздікті немесе терроризммен күресті желеу етіп, өзіне жақпаған белсенділердің қыр соңына түскен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді