«Адам кітапханаға» келушілер қарасы артып келеді
«Адам кітапханаға» келушілер қарасы артып келеді
3 жыл бұрын 1247 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Индиана штатында өзгеше кітапхана жұмыс істейді Онда кітаптың орнын адам алмастырады. Бұл жайында islam.kz порталы kake.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш мәдени ошақта оқырман сұхбаттасушымен пікірталастырып, өзін толғандырып жүрген ойларын бөлісе алады. Бұл кітапханадағы әрбір «адам кітап» - жаңсақ ұғым жетегінде кеткендер тарапынан кемсітушілікке ұшырағандардан тұратын қандай да бір азшылық өкілдері. Ішінара алғанда, аталмыш кітапханада қара нәсілді белсенді мен Таяу шығыс пен өзге де мұсылман елдерінен иммигрант қабылдауға жарлығымен тыйым салған экс-президент Дональд Трамп жақтастарының, трансгендер мен консерватизмді ұстанатын христиан өкілінің, феминист пен шариғат шәлісін жамылған мұсылман әйелінің, үйсіз-күйсіз қаңғыбас пен атшаптырым сарайды тұратын байлардың, т.б. арасында кездесу өткізілген. Яғни, екі әлемнің, бір-біріне кереғар екі топтың өкілдері сұхбаттасады. Бір қызығы, бұл кітапханаға келушілер қарасы көбейіп келеді.

0 пікір
Мұрағат