|
Адам жынысын өзгертуге тыйым салатын заң қабылданды
|
Жаңа Зеландия парламенті үшінші оқылымда адамның жынысын немесе төсек қатынасындағы бағыт-бағдарын (сексуалды ориентациясын) өзгертуге тыйым салатын заң жобасын қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеиме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң талаптары бойынша кәмелет жасына толмағандардың, яғни, жасы 18-ге жетпегендердің жынысын ауыстырғандар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұдан бөлек, жасына қарамастан адамның жынысын өзгертуге талпыну да, егер денсаулығына аса ауыр залал келсе, қылмыстық жауапкершілік қарастырылатын санатқа жатқызылады – бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті
■
Өзбектер кедейлерді қолдаудың өзгеше әдісін тапты
■
Араб елі өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға қарсы қылмыстық жазаны жойды
■
Ақшаның жылыстауы бойынша Парсы шығанағы елдері көш бастады
■
Бірер жылдан соң григориан күнтізбесі бойынша бір жылда үш айт мен екі қажылық маусымы болады