Әбу-Дабидің бас мешітіне бас сұққандар қарасы рекордын жаңартты
Әбу-Дабидің бас мешітіне бас сұққандар қарасы рекордын жаңартты
4 ай бұрын 1173 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әбу-Даби қаласындағы (Біріккен Араб Әмірлігі) шейх Заид мешітіне 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 4,3 миллионнан астам адам бас сұққан, соның ішінде қасиетті Рамазан айының 27-ші күнінде 87 186 аталған құлшылық үйінде болып, бұл сан рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл жайында islam.kz порталы The National ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлі етеді. Әлемге әййгілі мешіт соңғы жылдары жаһандағы жетекші діни-мәдени орталық мәртебесін нығайтты. Айта кетейік, өткен жылдың алты айында мешітке 3,3 миллион қонақ келсе, 2022 жылы келушілер саны 1,5 миллионды құраған. Ресми деректерге сүйенсек, сәні мен сәулеті бөлек ғибадат ғимаратына келушілердің 81 пайызы шетелдік туристер немесе діндарлар. Олардың ішінде жетекші орынды Азия елдері алады – 52%, одан кейінгі орынға Еуропа шыққан – 34%, Солтүстік Америка – 7%, Африка құрлығы мен Оңтүстік Америка – 3%, Австралия – 1%. Нақты қай елден келушілерге тоқталсақ, Үндістанның үлесі басым – 22%, одан кейінгі  Қытай табан тіреген– 11%, Ресей үшінші орынға иек артқан – 8%, Германия мен АҚШ – 4%. Шейх Заид мешіті ең танымал құлшылық үйлерінің бірі және шетелдік туристер арнайы келіп көретін көрнекті орындардың бірі әрі бірегейі. Таңғажайып мешіт TripAdvisor нұсқасы бойынша Таяу Шығыстағы ең үздік көрікті орындар санатында бірінші орынға ие болды. 2007 жылы салынып біткен мешіт 22 мың шаршы метр аумақты алып жатқан БАӘ-дегі ең үлкен мешіт. Сонымен бірге, онда бір мезгілде 40 мыңнан астам адам намаз оқи алады. Желтоқсан айында БАӘ астанасында уақытша аялдаған транзиттік жолаушылар немесе саяхатшылар үшін осы мешітке түнгі тур басталды.

0 пікір
Мұрағат