Әбдірахман ас-Самит кім?
Әбдірахман ас-Самит кім?
8 жыл бұрын 3646 e-islam.kz

Кувейттік Әбдірахман ас-Самит есімді азамат Африка құрлығында 29 жыл бойы Исламды насихаттаған. Нәтижесінде:

- 11 млн. адам мұсылман болған.

- 5700 мешіт салған.
- Африкада 9500 судың көзін ашқан.
- 15000 жетімге қамқор болған.
- 860 медресе, 4 университет және 204 медицина орталығын салған.

Бір қызығы, әлемдегі мұсылмандар осындай адам жайлы ештеңе білмейді. Бірақ, мұсылмандар Роналдо, Месси, Амр Диаб секілді адамдардың кім екенін жатқа біледі. Осындай ақымақтардан басқаны танымайтындай мұсылман үмбетіне не болған?

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТ:

Әбдірахман ас-Самит «Африка мұсылмандары кеңесінің» басшысы қызметін атқарған. Ол 1947 жылы Кувейтте туған. Онда «Көмек көрсету одағын» құрған. Сонымен қатар, 1976 жылы АҚШ пен Канадада «Мұсылман дәрігерлер одағының» негізін қалады. Өмірінің 90 пайызында Африка елінде мұқтаж жандарға көмек көрсетумен айналысқан. Отанына (Кувейтке) тек емделу үшін немесе маңызды шаруа туындаған да ғана келетін болған.
Ол жасының ұлғаюына байланысты денсаулығы сыр бергеніне қарамастан көмек көрсету жұмысын жүргізуді тоқтатқан емес. 
«Алдыңа келдім, Африка», «Африка жасы», «Ұлыма өсиет» атты кітаптардың авторы.
Әбдірахман ас-Самит 2013 жылы,  тамыздың 15-і күні дүниеден өткен.

0 пікір
Мұрағат