80 жылдан соң Орта Азиядағы ауа температурасы 6 градусқа дейін көтеріледі
80 жылдан соң Орта Азиядағы ауа температурасы 6 градусқа дейін көтеріледі
3 жыл бұрын 1408 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ағаш сақиналарын талдаудың тың тәсілі Мұғұлиядағы ауа температурасын біздің дәуіріміз бойынша 1269 жылдан бергі ауа температурасын білуге мүмкіндік берген. Бұл жайында islam.kz порталы agupubs.onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Орта Азия – жер планетасындағы ең шапшаң ысып келе жатқан аймақтардың бірі. Соңғы 15 жылдың өзінде аталмыш аймақтағы ауа температурасы 1,59°C-қа көтерілген. Бұл орташа есеппен алғандағы әлемдік көрсеткіштен үш еседей жоғары көрсеткіш. Соңғы 15 жылда бұл аймақ аптап ыстық пен ұзаққа созылатын құрғақшылықтан зардап шегіп келеді, соның салдарынан экожүйесі онсыз да жұтаң, көп аумағы шөл мен шөлейттен тұратын аймақтағы нәзік экожүйеге орны тоуы неғайбыл залал келтіруде. Бүгінгі таңда қолда бар Орта Азияға қатысты ұзақ мерзімге арналған аз ғана климаттық мәліметтер аймақтың болашағын болжауға мүмкіндік беріп отыр. Бұл бағыттағы таяуда жүргізілген зерттеуге Колумбия университетінің Ламонт-Доэрти обсерваториясының аға ғылыми қызметкері Никол Дэви жетекшілік еткен. Ғалымдар ағаш сақиналарын талдау арқылы аймақтың соңғы 100, тіпті, 1000 жыл бұрынғы жауын-шашыны туралы ақпарат алудың жолын тапқан. Ғалымдар алдымен 1998-2005 жылдар аралығында жиналған ағаш сақиналарының ядросын зерделеген болатын. Көбірек ақпарат алу үшін тың тәсілді қолданған, дәлірегі, ағаш сақмналарының әрбіреуі көгілдір түсті қаншалықты деңгейде шағылыстыра алатынына назар аударған. Ағаш неғұрлым тығыз болған сайын оның әр сақинасы көгілдір түсті соғұрлым жақсы сіңірген, нәтижесінде ағаштың мейлінше суықта өскенін көрсеткен. Осынау деректің негізінде ғалымдар 1269-2004 жылдар аралығындағы аймақтың жазғы температурасының моделін жасаған екен. Жаңа мәліметке сәйкес 1990-шы жылдардан бастап аймақтың жаз мезгіліндегі ауа температурасы соңғы 800 жыл ішінде ең жоғары болып шыққанына көз жеткізген.

0 пікір
Мұрағат