72 сағатта 100 мың қажы тіркелді
72 сағатта 100 мың қажы тіркелді
8 жыл бұрын 2633 muslim.kz

Сауд Арабиясында 100 мыңға жуық ер мен әйел 72 сағат ішінде интернет-портал арқылы «Қажылық-2016»-ға тіркеуден өтті. Бұл жайында Қажылық министрлігінің Қоғаммен және БАҚ-пен байланыс маманы Әли әл-Гамди мәлім етті. 

Ведомство өкілі қажылыққа онлайн тіркелушілер саны одан әрі артатынын жеткізді.

«Порталға осы маусымда миллионға жуық адам кіреді», - дейді әл-Гамди.

Қажылық министрлігі қажылық маусымында барлық мүмкіндікті пайдаланып, қажылардың құқығын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған барлық бағдарламаны іске асыруды жоспарға алған.+

Мәселен, қажылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында барлық мұсылмандарға электронды білезік таратылады. Бұл білезіктер қажы туралы барлық мәліметтерді: аты-жөні, виза, паспорт нөмірі, тұрақтаған қонақ үйі мен т.б. қамтиды.

0 пікір
Мұрағат