500 жылдан кейін Жапонияда бір ғана фамилия қалуы мүмкін
500 жылдан кейін Жапонияда бір ғана фамилия қалуы мүмкін
7 ай бұрын 653 inform.kz Еркежан Смағұлова

Зерттеуге сәйкес, шамамен 500 жылдан кейін Жапония азаматтарының барлығы бірдей фамилияға ие болуы мүмкін, деп жазады kaz.inform.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Тохоку университетінің экономика профессоры Хироси Ёсидо жүргізген зерттеуге сенсек, Жапония ерлі-зайыптылардың бірдей фамилияны таңдауын талап етсе, әрбір жапондық 2531 жылға қарай «Сато-сан» деген фамилияға болады.

Сато қазірдің өзінде жапон фамилиялары арасында бірінші орында тұр, 2023 жылы халықтың 1,5% осы фамилияда болды.

Ёсиданың есептеуінше, Сато фамилиялы жапондардың үлесі 2022 жылдан 2023 жылға дейін 1,0083 есе өсті және 2446 жылы жапон халқының жартысына жуығы осы фамилияға ие болады.

Ал, егер жапон үкіметі ерлі-зайыптыларға әртүрлі фамилия қолдануға рұқсат берсе, жағдай басқаша болар еді.

Жапонияда ерлі-зайыптылар некеден кейін қандай фамилия қолдану керектігін өзі таңдайды, алайда 95% жағдайда тегін өзгертетін — әйел.

Үкімет некеден кейін төлқұжат пен жүргізуші куәлігінде қыздың фамилиясын қолдануға рұқсат бергенімен Жапония — ерлі-зайыптылардың бірдей фамилияны қолдануын талап ететін әлемдегі жалғыз ел.

0 пікір
Мұрағат