|
24 млн. бала мектепке бара алмай отыр
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының дерегінше, экономикалық және әлеуметтік дамуы кенжелеп қалған 22 елде 24 млн. бала мектепке бара алмай отыр. Нақтырақ айтқанда, Оңтүстік Судандағы балалардың 51%-ы білім алу мүмкіндігінен қағылған. Ал Нигерияда бұл көрсеткіш 47%-ды құрайды. Суданда – 41%, т.б. «Қарулы қақтығыс өршіп тұрған елдерде тұратын балалардың кейбіреуілерінің, тіпті, отбасы мен баспанасы да жоқ екенін жеткізді БҰҰ Балалар қорының білім беру департаментінің жетекшісі Джо Борн. Ең алдымен, яғни, білім алудан бұрын олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзі үлкен күш-жігерді талап етіп отырғанын да тілге тиек етті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді