2050 жылға дейін алжитын адамдар қарасы үш есеге артады
2050 жылға дейін алжитын адамдар қарасы үш есеге артады
2 жыл бұрын 1760 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда бұл бағытта арнайы жүргізілген Global Burden of Disease зерттеу нәтижесі көрсеткендей, күллі әлем бойынша алжудан зардап шегетіндер қарасы 2050 жылға дейін бүгінгі көрсеткішпен салыстырғанда үш есеге артады. Дәлірегі, осы ғасырдың орта шенінде алжудан 153 млн адам зардап шегетін болады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған The Lancet Public Health мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінгі таңда деменциядан көз жұмғандар қарасы әлем бойынша өзге аурулардан бақилық болған науқастар саны бойынша жетінші орында тұр. Деменция – жасы егде тартқан адамдарды мүмкіндігі шектеулі жанға айналдырудың негізгі себептердің біріне айналған. Білікті мамандар мен сарапшылардың болжамы бойынша таяу жылдары деменциядан зардап шегетін науқастар қарасы Таяу шығыси аймағындағы елдерде, Африка құрлығының шығысында орын тепкен елдерде, сондай-ақ, Сахара шөлінің оңтүстігіндегі елдерде кеңінен етек алады. Соңғы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бүгінгі таңда деменция дертіне шылымқорлық, артық салмақ, қан құрамындағы қант мөлшерінің тым жоғары болуы, сауатсыздық себеп болып отыр.

0 пікір
Мұрағат