2014 жылдан бері Қытай қанша қашқын жемқорды елге қайтара алды
2014 жылдан бері Қытай қанша қашқын жемқорды елге қайтара алды
5 жыл бұрын 2271 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі 2014 жылдан бері түрлі жолдармен қазынаға қол салып, ақша жымқырып, шетел асқан жемқорлардың шамамен 5 мыңын іздеп тауып, елге қайтарған. Экономикалық қылмыс жасағандар әлемнің 120 еліне бой тасалаған. Жемқорлардың дені АҚШ пен Канадаға қашқан. Олардың әрбір бесіншісі Коммунистік партия мүшесі. Жемқорлар Интерпол көмегімен де іздестірілгенін айта кету керек. Мемлекет қазынасына қайтарылған, олар жымқырған қаражат мөлшері 1,5 млрд долларға бағаланған. Десе де кейбір дерек көздерінде жемқорлар елден кем дегенде 50 млрд долларды алып кеткен. Естеріңізге сала кетсек, Қытайда жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықпен күрес 2012 жылдан бері қарқын алды. Бір ғана 2017 жылдың өзінде аталмыш елде 159 мың адам коррупция бойынша жауапкершілікке тартылып, жазаланған болатын. Өткен жылдың наурыз айында Қытайда жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында құзыреті мол мемлекеттік қадағалау комитеті құрылған еді.

0 пікір
Мұрағат