20 жыл ішінде әлем 100 миллион гектар орманнан айырылды
20 жыл ішінде әлем 100 миллион гектар орманнан айырылды
4 жыл бұрын 2040

Екі онжылдықта әлем 100 млн гектарға жуық орманнан айырылды. БҰҰ болжауынша, жаһандық ормансыздану басталуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат European Data News Hub порталына сілтеме жасап.

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының ақпараты бойынша, жалпы жер учаскесіндегі орман үлесі 2000 жылы 31,9% болып, 2020 жылға дейінгі аралықта 31,2%-ға дейін төмендеген және қазір шамамен 4,1 млрд гектарды құрайды. Яғни, әлем 100 млн гектар орманынан айырылған.

Ормансыздану кейінгі онжылдықта Африкада, Сахара мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан оңтүстікке қарай үдеп кетті, ал ормансызданудан қатты зардап шеккен Латын және Оңтүстік Америкада, қазір бұл процесс керісінше баяулады. Ормандарды дақыл өсіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бағу үшін жояды. Бұл үрдіс, әсіресе, аз дамыған елдерде байқалады.

Әлемдік табиғи ресурстар институты құрған Global Forest Watch сервисінің мәліметі бойынша, 2019 жылы ең көп орманынан айырылған елдердің бестігіне Ресей (-3,7 млн га), Бразилия (-2,7 млн га), Канада (-2,2 млн га), АҚШ (-2,1 млн га) және Аустралия (-1,7 млн га) кіріп отыр.

0 пікір
Мұрағат