|
16 жастағы ирандық бойжеткен хижабсыз жүргені үшін полиция ұстағанда комаға түсті (видео)
|
Теһран қаласындағы метрода хижабсыз жүргені үшін полиция ұстаған 16 жастағы бойжеткен комаға түсті. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Иран-күрдтік Hengaw құқық қорғау ұйымының дерегінше, Армита Герабанд есімді бойжеткен қазан айының 1-і күні метрода полиция тарапынан күш қолданылғаннан кейін әскери емханаға жеткізілген. Құқық қорғаушылардың айтуынша, оның халі қазіргі уақытта мүшкіл. Иранның IRNA мемлекеттік агенттігі Теһран метросындағы таспаға тартылып қалған бұл көріністі жариялаған екен. Дегенмен, таспаға тартылған көріністің шынайылығын тексеру мүмкін болмай тұр. Бойжеткен полицияның дөрекі әрекетінен кейін есінен танып қалған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады