1,2 млрд адам тақыр кедейшілікте өмір сүреді
1,2 млрд адам тақыр кедейшілікте өмір сүреді
2 жыл бұрын 933 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемде шамамен 1,2 миллиард адам «көп өлшемді кедейлік» жағдайында өмір сүреді. Бұл жайында islam.kz порталы Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңалықтар орталығына (news.un.org) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл ұғым бір адамның күніне 1,9 доллардан аз табыс табатынын, көбінесе үйде дәретхана мен судың жоқтығын, дәрігерге көріну және оқу мүмкіндігінен айырылғанын білдіреді. Бұл дерек «көп өлшемді кедейлік» деңгейін талдау нәтижелері қамтылған БҰҰ-ның жаңа баяндамасында келтірілген. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) мен Оксфордтың адам дамуы және кедейлік бастамасы әзірлеген Жаһандық көп өлшемді кедейлік индексі денсаулық, білім және әл-ауқатқа қатысты 10 көрсеткіш бойынша әрбір адамның жағдайын бағалайды. Қанша адам күніне екі доллардан аз табыс табады? Зерттеуде 6,1 миллиард халқы бар 111 елдегі кедейлік деңгейі мен құрылымы сарапталған екен. Сарапшылар қазіргі уақытта әлемде «көп өлшемді кедейлік» жағдайында өмір сүретін кем дегенде 1,2 миллиард адам бар екенін анықтады және олардың жартысына жуығы 18 жасқа дейінгі балалар құрап отыр. Бұл арада күнделікті табысы 1,9 доллардан аспайтын адамдар турасында сөз болып отыр. 2011 жылғы бұл тараптағы көрсеткішпен салыстырсақ, әлемде кедейлер саны екі есеге жуық өскен. Аталмыш баяндамадағы мәліметті түзушілер төніп келе жатқан рецессия қатері мен 54 дамшы елдің қарызының көбеюі тұрғындардың тұрмысын одан ары қиындататынын алға тартып отыр. Ахим Штайнер есімді БҰҰ сарапшысының айтуынша, мұндай көп нұсқалы талдау өз кезегінде атмосфераға бөлінетін зиянды заттар мөлшерін азайту және таза энергияға қол жеткізу мүмкіндігін арттыру арқылы климаттың өзгеруіне қарсы күреске септігін тигізетінін және әлі де электр қуаты мен таза энергияға қол жеткізе алмайтын 600 миллионға жуық кедейлер үшін маңызды болады. Кедейлердің 50 пайыздан астамының, яғни, 593 миллион адамның ас әзірлеуге электр жарығы да, таза отыны да жоқ. Бұдан бөлек, кедейлердің 40 пайызға жуығы ауызсуға және тиісті тазалыққа қол жеткізе алмайды. Кедейлердің 30 пайыздан астамы «сілкіп салар сырмағы жоқ» - бір мезгілде бәрінен, атап айтқанда, адекватты тамақтану мүмкіндігінен, лайықты баспанадан, тиісті санитарлық жағдайдан және тамақ дайындауға арналған отыннан айырылған. Сарапшылар бұл деректер кедейшілікпен күресудің тиімді жолдарын іздеуде өте маңызды екенін атап өтті. Олар ілгерілеуге болатынына сенімді. Пандемия басталғанға дейін 72 елде кедейлік төмендегенін алға тартып отыр: Үндістанда кедейлер саны 15 жылда 415 миллионға азайған. Алайда, мұндай жетістікке қарамастан аталған ел әлемдегі ең кедей адамдар қаарасы көп ел саналады - 229 миллион адам. Кедейлер саны бойынша Үндістаннан кейін екінші орында Нигерия тұр, олардың саны - 97 млн. Әлемдегі кедейлердің көпшілігі, яғни, 83 пайызы немесе 579 миллионы Сахараның оңтүстік қапталында, дәлірегі, Африкада тұрады. Оңтүстік Азияда шамамен 385 миллион адам «көп өлшемді кедейшілік» санатына жатады. Еуропада олардың миллионға жуығы бар. Кедейлердің үштен екісі табысы орташа елдерде тұрады, барлық кедейлердің 83 пайызы ауылдық жерлерде тұрады.

Ұқсас материалдар:

«Қытайдың кедейлікпен күрес стратегиясынан аз-кем мәлімет» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaidyn-kedeilikpen-kures-strategiyasynan-az-kem-malimet-15713/#gsc.tab=0);

«Бір ғана елде кедейлікпен күреске 100 мыңнан аса жекеменшік компания атсалысып жатыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/bir-gana-elde-kedeilikpen-kureske-100-mynnan-asa-jekemenshik-kompaniya-atsalysyp-jatyr-14122/#gsc.tab=0);

«Кедейлікпен күрес тәсілдерінің бірі өз жемісін бере бастады» (https://islam.kz/kk/news/alem/kedeilikpen-kures-tasilderinin-biri-oz-jemisin-bere-bastady-14495/#gsc.tab=0);

«Кедейлікпен күрес орманның заңсыз оталу деңгейін 30%-ға кемітті» (https://islam.kz/kk/news/alem/kedeilikpen-kures-ormannyn-zansyz-otalu-dengeiin-30-ga-kemitti-13734/#gsc.tab=0);

«Кедейшілікпен күрес науқаны сәтсіздікке ұшырады» (https://islam.kz/kk/news/alem/kedeishilikpen-kures-nauqany-satsizdikke-ushyrady-13933/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат