Әбу Ханифа жайлы әр мұсылман білуі тиіс 10 дерек
Әбу Ханифа жайлы әр мұсылман білуі тиіс 10 дерек
6 жыл бұрын 10071
Берік АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Имам Әбу Ханифа (оған Алла разы болсын) - ислам дінтанушысы, фақиһ, яғни шариғи білімнің білгірі. Фиқһ ілімін жетік меңгергендерден «Ханафи» мәзһабының негізін қалаушы Әбу Ханифаға тең келер ешкім болмаған. Имам Шафиғи Əбу Ханифаның біліміне таңырқап, «Адамдар фиқһ ғылымында Əбу Ханифаға қарыздар. Кімде-кім Əбу Ханифаның кітаптарын оқымаса, ғылымға бойламағаны жəне фиқһ ілімін мүлдем білмегені» деп, оның білімінің телегей теңіз екендін мақтанышпен айтып кеткен. Ол Құран кәрім мен хадиске, сахабалардың, табиғиндердің алқалы пікірін, сондай-ақ қияяс (салыстыру), истихсан (дұрыс санау, жақсы деп білу) және ғұрып-дәстүр сияқты фиқһ қағидаларын пайдалана отырып, шариғат шеңберінде үкімдер шығара білді. Ендеше шоқтығы биік ғалмның өмірінен қызықты әрі ерекше деректерді келтірсек:

1. Толық аты - Әбу Ханифа Нұғман ибн Сәбит. Азан шақырып қойған аты ән-Нұғман болғанымен, Әбу Ханифа атанып кеткен. «Ханифа» араб сөздігінде «белбеуге қыстырылған жазу құралы»деген мағынаға саяды. Әрдайым іліммен шұғылданғанғаннан кейін осылай атаса керек.

2. Оның тағы бір лақап аты «Имам ағзам», яғни Ұлы имам.  

3. Алғашқыда саудамен айналысқан, кейін ғылымға ден қойып, өмірінің соңына дейін ислам ілімімен сусындады.

4. Әбу Ханифа ұстазы Хаммадтан жүйелі түрде 18 жыл бойы білім алды. Ұстазы дүниеден өткенге дейін, одан ажырамады. 

5. 16 жасында әкесімен бірге алғаш рет қажылық өтеген. Өмірінің соңына дейін, 55 мәрте қажылық парызын өтеу бұйырыпты.

6. Әбу Юсуф жеткізгендей, Имам Ағзам әр түні екі рәкағат намазда Құранды толық оқып шыққан.  

7. Түнде алған дәреті таң намазына дейін бұзылмай, бір дәретпен оқыған. Ұйқы дәретті бұзады десеңіз, ғалым түнгі ұйқысын ғылымға, құлшылыққа арнады. Әбу Ханифаның әйелі: «Оның ұйқымен өткізген ешбір түнін көрмеппін. Ол жаздың күндері бесін мен екінті намазының аралығында, және қыста түннің алғашқы бір бөлігінде ұйықтайды», - деп айтқан.

8. Білім алған шағында ол 22 жаста болған. Бастапқы да фиқһ емес, ислам философиясын жақсы меңгеріп, теріс ағымдағылармен күреседі.

9. Ұстазы дүниеден озғаннан кейін, зерек әрі ақылы келіскен парасатты имам фиқһ ғылымына ден қойып, фақиһ атанады. Он жыл бойы ұстаздық еткен ғалым, Куфа мен Басраның атақты ғалымына айналады.

10. Ибрахим ибн Саид әл-Жағфар жеткізгендей, Әбу Ханифа күніне 1 динар садақа беруді міндет санаған. Ол отбасына жұмсайтындай қаражатты  қайырымдылыққа қиған мейірімді жан.

0 пікір