"Ораза айының әр жылы ауысып келуінде үлкен мән бар"
"Ораза айының әр жылы ауысып келуінде үлкен мән бар"
1 жыл бұрын 10753

Мұсылман дініндегі құлшылықтардың уақыттары ай күнтізбесіне негізделеді. Сондықтан да, мұсылман дінінде Рамазан айы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) заманындағыдай ай күнтүзбесі бойынша есептеледі. Ай күнтізбесінің айырмашылығы - бір айда 29-30 күн бар, бір жылда 354 күн бар. Яғни, ай күнтүзбесі қазіргі күнтүзбеден шамамен 10-12 күнге қысқа. Әр жылы Рамазан айының уақыты алдынғы жылдағыдан шамамен 11 күнге ерте басталатыны содан. 

Алайда, ойланған адамға оның да өзіндік пайдасы жоқ емес екен. Ол жайында Ахмед Дидад есімді "христиантанушы" мұсылман дін маманы былай деп астарындағы мәнін ашуға тырысады: 

«Негізінде Рамазан айының әр жылы ауысып келуінде үлкен мән жатыр. Осылайша, Алла Тағала біздерге жылдың барлық маусымында ауыз бекітіп көруімізге мүмкіндік берген болып отыр. Егер оразаны күн күнтізбесі бойынша тұтатын болғанымызда, солтүстікте өмір сүретін мұсылман қауым жылда оразаны қыс мезгілінде, салқында, еш қиналмастан ұстап өтетін еді де, ал оңтүстіктегі мұсылман жұртшылығы болса жылда шыжыған ыстықта қиналып ұстар еді. Рамазан айы - ай күнтізбесі бойынша есептелетіндігінен, әр екі өңірдегі мұсылмандар оразаны қыста да, жазда да ұстап, қыстағы оразаның жеңілдігі мен жаздағы оразаның қиындығын теңдей бастан өткерген болады, бұл да бір Алланың әділдігі болса керек» -

- деп ой тұжырымдайды.


Мәлімет араб тілді ашық интернет рессурстарынан алынды.

Абдусамат Қасым

 

 

0 пікір