Феминизм: «Өзім - би, өзім - қожа»
Феминизм: «Өзім - би, өзім - қожа»
10 жыл бұрын 18271
Әйгерім Бақытқызы

«Өзім - би, өзім - қожа». Бұл - бүгінгі таңда әлемде кеңінен етек жайған феминизмнің негізгі талабы. Яки, әйел затының теңдігі. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде феминистік көзқарасты ұстанатын кішігірім топтар бар. Феминистік көзқарастағы аруларымыз қоғамның әр саласын дендеп алған. Олардың бағыты айқын: «Біз өзіміз-ақ күн көре аламыз. Әйел заты ас бөлмеде пештің қасында отырып, бала бақпау керек. Әйел мен еркектің құқығы тең» дейді олар. Алайда әйел мен ер адамның құқығы тең бе? Теңдікті талап етіп, нәзік жандылардың басын ауыртқан феминизм фанатизмнің немесе ер адамды менсінбеудің айқын көрінісі емес пе?

Жалпы, феминизм дегеніміз - әйелдер мен еркектер арасындағы тең құқылық. Мұның тарихы сонау 18 ғасырда жатыр. Әлемді жайлаған феминизм Америка мен Франциядан бастау алған. Феминизимді қолдаушы әйелдердің бастапқы пиғылы саясатта еркектермен тең құқыққа ие болып, еркін еңбек етуге қол жеткізу еді. 19 ғасырда Солтүстік Америка мен Францияда феминист әйелдердің ұйымдары пайда бола бастаған.

ХХ ғасырда феминизмнің алғашқы толқындары шыққан. Дәл осы уақытта нәзікжандылар заңды құқықтарының тең болуын талап еткен деседі. Ал ХХ ғасырдың екінші жартысында «әйелдер мен еркектердің құқығы шын мәнінде бірдей болу керек» деген талап қойыла бастаған феминист-әйелдердің тарапынан. Негізі әлемдегі қайсыбір тың бастамалар немесе жаңа толқындар жаһандану деп аталатын дәуірге тап келетіні белгілі. ХХ ғасырдың жетпісінші жылдары «фемнинизм» қозғалысының өріс жайғаны соншалық, әлемнің әрбір мемлекетінде осы бағытты қолдаушылардың саны күрт көбейе түскен. Ал сексенінші жылдары ғалам ғалымдары бұл бағытты түбегейлі зерттеуге кіріскен. Тіпті, әйел мен еркектің қоғамдағы теңдігі үшін күресудің теориялық, тәжірибелік мәні де терең ашылған. Соңғы кездері феминизмде адам жынысы емес, «еркекке тән», «әйелге тән» мінез-құлық деген түсінік қалыптаса бастаған. Феминизмді қолдаушыларға сүйенсек, патриархаттық мінездегі еңбек, үлкенге кішіні бағындыру сияқты талаптар әйелдерге де қатысты болуы тиіс. Бұл талаптар феминистік көзқарастағы әйелдер үшін экономикалық немесе құқықтық мәселе емес, мәдени-тарихи құндылық. Сондай-ақ феминизмді жақтаушылардың ойынша, әйелдер мен ер адамдардың арасындағы қоғамдық қарым-қатынасты рационалдық тұрғыда басқару әйелдердің рухани әлемінің мүлгуіне әкем соғатын фактор екен. Феминизмнің басты мақсаты - ауызекі тілмен айтқанда, әйелдердің рухани әлемін «мүлгіген тыныштықтан» шығару болып отыр. Әлем зерттеушілері феминизмнің радикалды түрін де ерекше атайды. Яки, әйелдердің жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін реформалық тәсілмен шешу. Радикалды феминизм деген түсінік сонау 60-жылдары пайда болған. Бұл бағыттың астарында әйелді қорлау һәм сөз алу, саяси құқығын қорғау, бостандығынан аластату соңғы мыңжылдықтың қасіреті деген тезис жатыр. Феминист әйелдер үшін отбасы-ошақ қасының, бала тәрбиесінің ешбір маңызы жоқ. Олар мына қоғамда еркін билік жүргізіп, ерлерше өмір сүргісі келеді.

Бұл - әйелдердің теңдікке ұмтылуының, яки, феминизмнің ғылыми тұжырымдамасы. Қарапайым тілмен айтсақ, бұл бүгінгі таңда әрбір бұрышта айтылып, жиі ескерілетін «гендерлік теңдік» деген түсінікке саяды.

Рас, әйел мен еркектің құқықтары тең. Бәріміз бұл өмірге ең алдымен адам боп келдік. Содан соң, әйел, ер болып бөліндік. Дегенмен, Табиғат-Ана әрбірімізге белгілі бір міндеттемелерді жүктейтіні түсінікті жайт. Мәселен, ер адам ықылым заманнан отбасының тірегі, асыраушысы, қара күштің иесі. Ал әйел отбасының жылуы мен баланың негізгі тәрбиешісі. Бұл адамзаттың санасына сіңген негізгі түсінік. Десек те, соңғы кездері теңдікке ұмтылып, ерлер сияқты әскерге баратын, басшылық істе «менмендікке» салынып «өзім қожа, өзім би» дейтіндер де көп. 

Феминист-әйелдердің түпкі ұстанымы болған «Әйел мен еркек тең бе?» деген сауалға жиі бас қатыратынымыз жасырын емес. Бұл сан жылдардан бері талқыға түсіп, талай ғалым мен ғұламаны толғандырған мәселе. Алайда ғылым да, дін де, салт пен сана да ер адамның әйелден бір саты жоғары екенін әлдеқашан дәлелдеп берген. Тек осы пікірмен келіспейтіндер болмаса....

«Әйел бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербейді» деген аталы сөз бар. Рас, батыр да, алып та, ақын да анадан туады. Әлемдегі қайсыбір ерлік, әдемі әуен, әуезді сөздің барлығы да анаға, әйелге арналады. Десек те, Ислам дінінде «Әйел еркектің қабырғасынан жаратылған» дегенді алға тартады. Ал атам қазақ «әйел мойын, еркек бас» деген. Қазақ қашанда әйелді қадірлеп, алақанында аялаған... Бірақ төріне оздырып, әйелді еркектен биік көрмеген. Тарихқа зер салсақ, атқа мініп, жауға шауып, сан түрлі зұлматты жылдарда қолына кетпен-күрегін алып, еңбекке араласқан әйелдер де болды. Әйткенмен, ешбір әйел: «Мен сенімен тең едім, құқығымыз бір» деп еріне қарсы ереуілдемеген. Бірақ заман өзгереді, заманға сай адам өзгеретіні тағы бар...

Бір әзілқой досымыз «Кезінде Майлин «Раушан - коммунист» деп жазса, біз қазіргі аруларымызды «Біздің қыздар феминист» дейтін болдық» дегені бар. Әрине, езуіңізге еріксіз күлкі үйіретін әзіл. Әйтсе де, астарында зілдей шындық жатыр. Жасыратын несі бар, қазір басшылық қызметке ұмтылу, өзгелерге билік жүргізуге құмар әйелдердің саны көбейді. Тіпті, мансап қуып, Алла берген сый - бала табуды да кейінге ысырып, абырой-атақтың ізінен жүретін нәзік жандылар да бар.

Ойлап қарасақ, әйел мен еркектің құқығы теңестірілген заман бұл. Көліктің тізгінін әйел де меңгерген, мансап та қуады, билікті де қолына алады, қажет десеңіз, ешбір жұмысты бәлсінбей еркін атқарады. Феминизим дерті жайлаған заман демей немене? Бірақ...

Американың билігінде бірнеше жыл қатарынан отырып, әлемге «темір әйел», яки, «железная леди» деп танылған Маргарет Тетчердің өзі алып бір мемлекетті басқарып отырса да, бір сөзінде: «Мен үйде қарапайым әйелмін. Тіпті күйеуім үй қызметшісі дайындаған асты емес, менің қолымнан шыққан асты жейді. Сондықтан үйде әйел екенімді ешқашан ұмытқан емеспін» депті. Расында, феминистік бағытты қолдайық, қолдамайық, әйтеуір ас бөлмені - кеңсеге, баланы - мансапқа, ер адамды - езге, нәзіктігімізді - қаталдыққа айналдырмағанымыз абзалырақ болар. Өйткені ер емес, біз қанша дегенмен қыз баламыз ғой. Әйгілі термеде айтылғандай, «Нәзіктік болар жолдасың, ұл емес, сен қыз баласың... »

3 пікір
  • Мен сіздің ойыңызбен толықтай келіспейммен. Мен сізге қойғым келетін сұрағым бар егер қиын болмаса сол сұрақтарға жауап бере аласызба. 1. Сіз осы мақала жазбай тұрып феминиз туралы ақпарат іздедіңіз бе, оқыдыңыз ба, ия, менің жоғарыда оқығаныма қарай бағыт алатын болақ сіз ыеминизмнің тарихын бір рет шолып шығыпсыз. Бірақ сіз оның 1толқыны жайы ғана айтып отырсыз ал оның көптеген толқындары бар..Мен сіздің діни көз қарастарыңызбен қарсы шығып дебат ашқым келмиді сондықтан ол туралы жазған мәтінді өткізіп кетсек.
    2.Сіз неге қазіргі феминизм не үшін күресізп жатқаны жайлы бір сөз айтпадыңыз? Бұл өте маңызды, айтуға тұрарлық жағдай. Ислам басқа да діндер секілді зорлық-зомбылыққа, адам өлтіруге және де басқа көп нәсеге қаосы шығады, бәз ол турады жақсы бідеаміз. Онда сіз неге Ислам мен феминизм арасында неге паралельдер өткізіп, неге салыстырып ұқсастықтарын неге айтпадыңыз? Фиминизм- тек әйелдердің құқығы және өмірі ыңғайлы және ешқанлай зорлық-зомбылықсыз болуы үшін күреседі. Фиминизмның салдары да көп оны сіз барлығын бір уысқа әкеп ботқа сынды қып араластырып тастдыңыз. Бұл сіздің жағыңызданм жіберілген үлкен қателердің біоі ал отндай қателер сізде өкінішке орай өте көп!!!
    Феминизм әйелдердің таңдаған өмір жолы үшін оларды ұйалттырып олармен манипуляция жасамайды. Мысалы: егер бір әйелге күйеуінің құшағында болып үйде балаларын бағып қаққысы келе, таңнан кекшке дейін асханада жүргісі келсе олар ондай әйелдерге "Сенікі дұрыс емес, барып жұмыс жаса, ұялмайсың ба ійде отырып бала қағуға" деп ешқашан айтпайды олар керісінше ол өз ійінде отбасымен бақытты өмір сүгенін қалайды. Феминизм сол үйде отырған әйелдің өмірі күйеуінің қатарынан қол көтерушілікті балаларына деген қол ө+көтерушілікке қарсы күреседі.
    Феинизм үйде отырмай жұмыс жасап қызмет атқарып карера құратын әйелдерге қоғам секілді "Неге кійеуге шықпайсың, ертең баласыз қаласың жасың деген мынанша, немере көретін уақытың келді" деп оларды ұялдыртып манипуляция жасамайды. Егер әйел адам жұмыс істеп отбасын құрудан бастартса ол өзінің ойы өзінің өмірі сіздің оған "отырған қыз" немесе "ешкімге керек емес сондықтан да байсыз жүр" деп айтуға сіздің хақыңыз жоқ, тіпті сіз оны туған анасы болсаңызда!!! міне сіз осындай тақырыптарды көтеруіңіз керек еді!!! Сіздің тарапыңыздан бол мақаладан бір де бір жұмыс дұрыс атқарылмаған.
    Феминизм қазіргі заманда өте керек әрі өте қолдауға лайық нәрсе.

    Және сізге айтқым келетіні мен бұл жерде сіздің қателеріңізді көзіңізге әкеп тақап отыруға міндетті емес едім аоайды сіздің тарапыңыздан дасалған өте дөрекі қателерден өте алмадым, сәзге айтықым келетінің интернетке бір мақала салмай тұрып тықырыпқа үңіліп іздеу жасасаыңыз менің байқағаным бойынша сіз тіпті википедия сайтымен қолдану білмейсіз, себебі сіз ол сайтпен немесе гуглме қолдану білсеңіз сіз Маргарет Тэтчер Ұлыбританияның примьер-министрі екенін жазатын едіңіз алайда жоғарыда сіз оны Америка билік еикен деп жазып отырсыз.
    Сізден өтініп сұрайтыным мақала жазар алдында материялдарды дұрыстап іздеп дұрыстап оқыңыз!!!
    ФЕМИНИЗМ 21 ҒАСЫРДА ДА ӨТЕ КЕРЕК ҰҒЫМ!!! Сіздер оны қабылдамайынша бұл әлем ешқашан жақсы болмайды.
    Менде орфографиялық қателар болуы мүмкін,сол үшін алдын ала кешірім сұраймын. Себебі мен өз ойымды айтып пікірімді білдірткім келді бірақта мен әлі күнге дейін орфографиялық қателер автордың бізге деген дизинформациясынын жақсырақ деп ойлаймын!!!
    4 жыл бұрын
  • Маргарет Тетчер Американың билігінде отырған жоқ. Сізге ағылшынша сөйлегеннің бәрі бір ме? Америка Құрама Штаттарының билігінде ешқашан әйел президент болған жоқ. Ұлыбритания премьер-министрі Маргарет Тетчер болған.





    "Феминизм дерті" дейтіндей не көрінді көзіңізге? Әйел атаулыға білім алу құқығы феминист ағартушы әйелдер арқасында келген. Ауғаныстандағыдай дінді тонын теріс айналдырған албастылар бір күнде әйел атаулыны білім алу құқығынан айыра алады. Солай болған күні қара түнек болып, 6-8 жасар баланы 40 жасар еркекке әйелдікке сатуға көшуге дайынсыңдар ғой, түге. Өңшең білімсіз, топас надан.
    2 жыл бұрын