Милади күнтізбесі қашан пайда болды?
Милади күнтізбесі қашан пайда болды?
9 жыл бұрын 9039
Бақ БЕР

Милади күнтізбесі Иса пайғамбардың туылу мерзімін тарих санауына бастама ретінде алған, жер шарының күнді айналу мерзімі 365 күн, 6 сағаттық уақытты жыл ретінде есептеумен байланысты. 

Айналатын жыл мерзімі 365, 2425 (365 күннен сәл асық) күнге құрылған бұл күнтізбеде бір жылды шамамен 365 күн 6 сағат құрау арқылы қалған 6 сағаттық ерекшелік әр төрт жылда бір 24 сағатқа ауысады. Бұл бір күндік мерзім қалыпты жағдайларда жиырма сегіз күнді құрайтын Ақпан айына қосылып, осы негізде әр төрт жылда бір Ақпан айы жиырма тоғыз күнді толтырады деп қабылданған. Бұндай жылдар «артық жыл» деп аталған.

Милади күнтізбенің алғашқы нұсқасы болып табылатын Юлиан күнтізбесі б.з.д. 46 жылы Рим құрылуының 708 мерейтойында Александрияда өмір сүрген астроном білгірі Сосигеннің ұсынысымен Рим императоры Юлий Цезар жасатқан. Юлий Цезар жасатқан бұл күнтізбе реформасы кезінде Римде күндерді санау мәселесінде ретсіздік байқалған. Бұған поптар мен дінбасылардың кейбір мерзімдерді өздерінің қалауынша өзгертуі себеп болған. Осы жүйесіздікті реттеу мақсатында Цезар жыл басы күнін 1 Maрттан 1 Қаңтарға өзгерткен. Жыл бір ретке тәуелденіп, 445 күнге шығарылып, жүйесіздік реттелген. Осы негізде б.з.д. 46 жылдың 1 Қаңтарында Юлиан күнтізбесі пайдаланыла бастаса да бұл айтарлықтай шешім болмаған.

Төрт жылға бір күн қосумен күнтізбе бәрібір нақты дәлдікті көрсетпеді. Бұл есеп бойынша арада 1000 жылда 7,5 күндік айырмашылық туындады. Бір жылда 0,007784 жылдық айырмашылық бастапқыда елеусіз көрінгенмен уақыт өткен сайын арта түсетіндіктен, қосымша қателіктердің туындауына себеп болуы мүмкін еді. Расында да 1500 жыл қолданғаннан кейін күн санағынан бұл күнтізбенің 10 күн артта қалғаны анықталған. Тарих 21 Наурыз болуы керек кезде, қолдағы күнтізбеде 11 Наурыз ретінде көрініс берген.

Папа XIII Георгийдің 1582 жылы Юлиан күнтізбесінде байқалған жүйесіздікті кетіру мақсатында жасаған еңбектері нәтижесінде рухани мәжіліс әр төрт жүз жылда үш артық жылды алып тастау арқылы осы айырмашылықты болдырмауды қамтамасыз етті. Бұл бойынша, төрт жүздің еселеуі болған мың алты жүз, екі мың, екі мың төрт жүз жылдар артық жыл ретінде саналмайды. Бұл Грегориан күнтізбесі реформасының соңғы ерекшелігін тудырды. Осы күнтізбе төңірегінде б.з. 325 жылы күнтізбенің басты ережелерін белгілеген Никей соборы Күнді айналуды негізге ала отырып, маусымдардың күнді айналуға қарай реттелуіне ұйғарым жасады. Никей соборы жиналғаннан 1582 жылға дейінгі айырмашылық болған 1257 жылы бұл айырмашылықтың он күнге жеткені байқалып, сол күнгі күнтізбе күніне он күн қосылған. Осы себепті Римде 4 Қазан 1582 бейсенбі күнін тікелей 15 Қазан жұма күніне байлауға шешім қабылдаған. Осы негізде апта ішінде күндердің реті де өзгермеген қалпын сақтаған. Міне, осы өзгеріс пен соборды (Никей) шақырған Папаның құрметіне арнап бұл күнтізбе Грегориан (милади) күнтізбесі делінген. Грегориан күнтізбесі Францияда 1582 жылы қабылданып, 9 Желтоқсан 1582 ден дереу 20 Желтоқсанға өткен. Англия 1752 жылдың 3 Қыркүйек күні қабыл еткен бұл күнтізбемен тікелей 14 Қыркүйек күніне өткен.

Грегориан күнтізбесінде жыл басының 1 Қаңтар мерзімі ретінде қабылдануы 1752 жылы жүзеге асты. Сол мерзімге дейін 24 Желтоқсан мен 1 Қаңтар мерзімдерге «қос жыл» деген ат берілген.

Он екі айдан тұратын милади жыл айларының атаулары мен осы айлардың мерзімі мынандай: Қаңтар 31; Ақпан 28, 29; Наурыз 31; Сәуір 30; Мамыр 31; Маусым 30; Шілде 31; Тамыз 31; Қыркүйек 30; Қазан 31; Қараша 30; Желтоқсан 31. Бұдан бөлек әр жылы көктем, жаз, күз, қыс ретінде төрт жыл мезгіліне бөлінген. Жыл елу екі аптаға бөлінген.

Милади жылды хижри жылға ауыстыру үшін әуелі қолдағы милади мерзімнен 622 сан алынып тасталады; қалған сан 33-ке бөлінеді; бөлінген санға қалдық қосылады. Хижри жыл = (Милади жыл - 622) x 31. Хижри жылды миладиға айналдыру үшін мына формулаға салуға болады:
Mилади жыл = хижри жыл x 33 + 622.

Милади күнтізбе Иса пайғамбардың туылған күнін 1 Қаңтар (бастау) ретінде қабылдаса да, бұның нақты еместігі айтылуда. 

0 пікір