Еркектер мен әйелдерге кию құп көрілмейтін киімдерді сату мәселесі (хадис тағылымы)
Еркектер мен әйелдерге кию құп көрілмейтін киімдерді сату мәселесі (хадис тағылымы)
4 жыл бұрын 4974
Хамза Мұхаммед Қасым

Сахаба Абдулла ибн Омар (радиаллаһу анһума) мынадай хадис риуаят етеді:

  أرسل النبي ة إلى غمر فله بحلة حرير أو سيراء ، فرآها عليه فقال : إني لم أرسل بها إليك تلبسها ؛ إنما يأبها من لا خلاق له ، إنما بعث إليك لتستمتع بها ،، يعني : تيغها

«Алла елшісі (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) Омарға (р.а.) «Хүллә» жібек киімін беріп жіберді немесе «Сийәраны» беріп жіберді. Кейіннен ол киімді Омардың үстінен көрген Алла елшісі (с.а.у.) оған: «Мен оны саған кисін деп беріп жібермедім. Шынында бұл киімді бұзылған адамдар киеді. Мен оны сен одан пайдалансын деп беріп жібердім», - дейді. «Пайдалансын...» дегені – «сатсын...» дегені».

Имам Бұхари: «Сахих Бұхари» - «Ер адамдар мен әйел адамдарға кию мәкруһ болып табылатын киімдерді сату» тарауы.



Хадис түсіндірмесі: 

«Хүллә» - екі бөліктен тұратын киім. 
«Сийәра» - жібек араласқан киімнің түрі. 

««Хүллә» жібек киімін беріп жіберді немесе «Сийәраны» беріп жібереді...» дегеннің мағынасы:  "Хүллә" киімі – не түгел жібек матадан тұратын киім еді немесе жібек аралас киім еді дегендік. 

«Ол киімді Омардың үстінен көрген Алла елшісі: «Мен оны саған кисін деп беріп жібермедім...» - яғни, мен оны саған кисін деп сыйламадым. 

«Шынында бұл киімді бұзылған адамдар киеді...»  - яғни, бұл дүниеде жібек киімді ақыретте жібек кию мүмкіндігі болмайтын кәпір адамдар киеді немесе солар сияқты ақыреттен үміті жоқ адамдар киеді. Не болмаса, жібек киімді әйелдерге ұқсап жүруді ұнататын әдеп-тәрбиесі мен мінезі бұзылған еркектер киеді. 

«Мен оны сен одан пайдалансын деп беріп жібердім...» - яғни, сатып пайдасын көрсін деп немесе әйелдеріңе кигізерсің деп сыйладым.

Хадистен алынатын үкім: 

Әл-Хәфиз (Ибн Хәжәр әл-Асқалани болса керек – ауд.) айтқандай, бұл хадис – еркектерге кию құп көрілмейтін киімдерді сатуға рұқсат екендігін көрсетеді. Мұны Алла елшісінің (с.а.у.) аталмыш хадистегі мына сөзінен ұғуға болады: «Мен оны сен одан пайдалансын деп беріп жібердім...», яғни, сатсын деп беріп жібердім... деген мағынада айтылып тұр. Өйткені, «Либәс» тарауында келтірілген басқа бір риуаятта: «Мен оны сен сатсын деп немесе (басқа біреуге) кидірсін деп жолдағанмын» делінеді. Ол хадистің соңында «Әзіреті Омар ол киімді Мекке халқынан саналатын және әлі мұсылман болмаған бауырына беріп жіберді» делінеді. 

Осы тұрғыда, әл-Хафиз айтып кеткендей, әйелдерге кию ұнамсыз боп есептелінетін киімдерді сату мәселесін осыған қиястауға болады. (Қияс - салыстыру. Қисын. Үкімі жоқ бір мәселені, өзіне ұқсас басқа бір мәселеге салыстыра отырып, үкімін анықтау - ауд.).

«Манаруль Қари Шарху Мұхтәсари Сахихиль Бұхари».
 Араб тілінен аударған: islam.kz
 

0 пікір