Асқазан өзін қалай қорытып жібермейді?
Асқазан өзін қалай қорытып жібермейді?
9 жыл бұрын 9554
Абай ХАМЗА

Бос кезде асқазанның мөлшері 500 мл шамасында. Қорек алғаннан кейін асқазан мөлшері 1000-1500 мл-ге жетіп, қарындағы орны кеңейеді. Тамақ қорытылып біткенде ол мөлшер кішірейеді. Оның осы бір үлкейіп-кішіейіп тұратын қасиеті адамның жүріп-тұруын жеңілдетеді.

Асқазанның «ауа қалтасы» деп аталатын жоғарғы бөлігінде сигнал беруші электр орталығы (pacemaker) орналасқан. Ол әр 3-4 минут сайын сигнал беріп, асқазан қабырғасының төменгі жағына қарай тарайтын бір толқу (peristaltizm) тудырады. Осы қозғалыстар асқазанның босауына, астың жақсы қорытылуына әсер етеді.

Тамақтың асқазанға түсуі өте ретпен жүзеге асады. Кеңірдек пен асқазан тұтасып кететіні сондай асқазанға түсетін тамақ табаққа құйылғандай бірден түсе салмайды. Ол асқазан қабырғасынан тайғанап түседі. Асқазан мен өңеш қосылмағанда, осы жағы аса мұқият есептелмегенде, біз жұтқан әр бір асымыздың дыбысын қарнымыздан естіп отырар едік. Астың асқазаннан шығуы да өте ретті түрде жүзеге асады. Бұл реттілікті асқазан есігі (pilor) қамтамасыз етеді. Асқазан есігі (pilor) операциямен алынып, оның орнына жасанды пилор қойылған кісілерде «dumping sendrom» деп аталатын кесел пайда болады. Бұл  аурудың қалай пайда болатыны жөнінде түрлі пікірлер айтылғанмен қанағаттанарлық тұшымды жауап болмауда. Алайда бұл аурудың пилордың жоқтығынан пайда болатындығы шындық. Біз оны дәл сондай ғып жасай алмаймыз.

Асқазанның ішкі жағын «мукоза» деп аталатын қабат қаптап жатады. Мукозаның ішінде оксид, пепсин және мукус бөлетін бездер орналасқан. Мукоза жер бетіндегі таулар мен сайлар секілді иір-иір иірімдер пішінді. Осы иірімдер арқылы аз ғана орынға көп мукозаның орналастырылғаны байқалады. Асқорыту тездеуі үшін жоғарыда атап өткен нәрселердің бөлінуі осылайша жүзеге асады. Егер бұл қатпарлар болмаса асқазанның ішкі бетінің мөлшері азайып, асқорыту бездерінің саны азаяр еді. Онда асқорытуды қамтамасыз ететін сөлдер бөлінбес еді.

Асқазан қышқылы хлорлы сутегі қышқылы  немесе тұз қышқылы деп аталады (HCD). Жоғарыда айтып өткен мукозаның ішінде орналасқан бездер арқылы осы тұз қышқылы бөлінеді. Көптеген зерттеулер жүргізілгеніне қарамастан оның қалай пайда болатындығы әлі нақты білінбеуде. Таза асқазан сөліндегі HCI тығыздығы PH 1 мөлшерінде. Қандағы көмірқышқыл газы ионы тығыздығына қарағанда асқазан сөлінде бұл қышқыл бір миллион есе көп. Бұл биологиядағы ең таңғаларлық құбылыстардың бірі.

Мукос негізінде қоймалжың нәрсе. Мукозаның ғажайып қасиеті – түрлі қоректі ерітетін асқазан сөлінің асқазанның өзін-өзі ерітуіне кедергі келтіреді. Бұл қорғауда мукозаның ерекше пішінінің де әсері бар екендігі айтылуда. Алайда, осы керемет ерекшелік әлі анықтала қойған жоқ.

Байқап отырсаңыздар, асқазан жай ғана бір торсық емес, химия технологиясы мен инженерлік есептердің аса мұқият құрылған өнер әрі өндіріс туындысы. Бұл есептерден кішкене қате табу қиын. Бұнда біз әлі аша қоймаған тылсым сырлар әлі де көп. Ол сырларды осы асқазанды жаратқан Ұлы Жаратушы ғана толық білетіні анық. 

1 пікір