На­маз уә­жіп­те­рі
На­маз уә­жіп­те­рі
9 жыл бұрын 12218
Қайрат Жолдыбайұлы

На­маз­ға бас­та­ған­да – «Алла» есі­мі­нің жа­ны­на ұлы­лық ма­ғы­на­сын біл­ді­ре­тін бір сөз­дің қо­сы­луы – уә­жіп. Мы­са­лы, Аллаһу әк­бар, Аллаһу а'зам, т.б.

На­маз­да «Фа­ти­ха» сү­ре­сін оқу – уә­жіп. Ал Ша­фи­ғи­лар­да – па­рыз. Дә­лел­де­рі Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың мы­на ха­ди­сі: «Фа­ти­ха­ны оқы­ма­ған адам­ның на­ма­зы жоқ»180. Ха­на­фи­лар бұл ха­дис­ті «На­ма­зы то­лық бол­майды», – деп тү­сін­ген­дік­тен, на­маз­да «Фа­ти­ха­ны» оқу­ды уә­жіп деп қа­был­да­ған.

На­маз­дың ал­ғаш­қы екі рә­ка­тын­да «Фа­ти­ха­ны» бір рет оқу жә­не оны қайта­ла­мау уә­жіп.

Па­рыз на­маз­дар­дың ал­ғаш екі рә­ка­тын­да «Фа­ти­ха­дан» кейін бас­қа бір сү­ре не­ме­се бір сү­ре кө­ле­мін­дей аят қо­сып оқу – уә­жіп. Бір ха­дис­те: «Біз на­маз­да Фа­ти­ха­мен бір­ге же­ңіл кел­ген аят­тар­ды оқу­ға әмір етіл­дік»181 де­лі­не­ді. Бі­рақ үтір мен нә­піл на­маз­дар­дың бар­лық рә­кат­та­рын­да «Фа­ти­ха» мен кез-кел­ген бір сү­ре­ні не­ме­се бір сү­ре кө­ле­мін­дей аят оқу – уә­жіп. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Фа­ти­ха­сыз жә­не қо­сым­ша сү­ре­сіз оқы­ла­тын еш­қан­дай па­рыз не­ме­се нә­піл на­маз то­лық емес»182.

Қы­ра­ғат­тың на­маз­дың ал­ғаш­қы екі рә­ка­тын­да оқы­луы – уә­жіп.

«Фа­ти­ха­ны» бас­қа қо­сым­ша сү­ре не­ме­се аят­тар­дан бұ­рын оқу – уә­жіп. Бір адам қа­те­ле­сіп, «Фа­ти­ха­дан» бұ­рын бір сү­ре оқы­са, бі­рақ ар­тын­ша есі­не тү­сір­се, де­реу оқып жат­қан сү­ре­сін не­ме­се аят­та­рын тоқ­та­тып, «Фа­ти­ха­ны» оқып, со­ңы­нан сү­ре не­ме­се аят­тар оқуы тиіс. На­маз ақы­рын­да қа­те­лік (сә­һу) сәж­де­сін жа­сайды.

Же­ке на­маз оқы­ған адам бам­дат (таң), ақ­шам жә­не құп­тан на­маз­да­рын жа­рия не­ме­се құ­пия оқу­ға ер­кі бар. Бі­рақ бе­сін, на­маз­ды­гер жә­не күн­діз оқы­ла­тын нә­піл на­маз­дар­ды құ­пия оқу – уә­жіп. Түн­де оқы­ла­тын нә­піл на­маз­дар­ды адам қа­лай оқы­са да ерік­ті. Ха­зі­ре­ті Айша­дан Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) түн­гі на­маз­да­рын қа­лай оқи­тын­ды­ғын сұ­ра­ған­да: «Кейде құпия, кейде жа­рия етіп те оқи­тын», – деп жауап бер­ді»183.

Жа­ма­ғат­пен оқы­ла­тын на­маз­дар­дан бам­дат, жұ­ма, айт, тарауих жә­не үтір на­маз­да­ры­ның әр­бір рә­ка­тын­да жә­не ақ­шам мен құп­тан на­маз­да­ры­ның ал­ғаш­қы екі рә­ка­тын­да жа­рия оқу, бе­сін мен на­маз­ды­гер на­маз­да­ры­ның бар­лық рә­кат­та­рын­да жә­не ақ­шам на­маз­да­ры­ның үшін­ші жә­не құп­тан на­ма­зы­ның соң­ғы екі рә­ка­тын­да құ­пия түр­де қы­ра­ғат оқу – уә­жіп.

Үтір на­ма­зын­да құ­ныт дұ­ға­сын оқу мен құ­ныт тәк­бі­рін алу Имам Ағ­зам бойын­ша – уә­жіп. Бі­рақ Әбу Юсуп жә­не Имам Мұ­хам­мед­тің көз­қа­ра­сы­на қа­рай– сүн­нет.

Сәж­де­де маң­дай­мен бір­ге мұ­рын­ды да жер­ге қою – уә­жіп. (Имам Әбу Юсуп пен Имам Мұ­хам­мед бойын­ша)

На­маз­дар­дың әр­бір оты­ры­сын­да «әт-та­хият» дұ­ға­сын оқу – уә­жіп.

Ал­ғаш оты­рыс­та «әт-та­хият­ты» оқып, кі­дір­мей ке­ле­сі рә­кат­ты жал­ғас­ты­ру – уә­жіп. Сол се­беп­ті аз­дап кі­ді­ріп қал­ған адам­ға па­рыз қиям­ды ке­шік­тір­ге­ні үшін қа­те­лік (сә­һу) сәж­де­сі қа­жет. Сә­һу сәж­де­сін қа­жет ете­тін бұл кі­ді­ріс – «Аллаһум­ма сал­ли ала Му­хам­мад» деп айты­ла­тын­дай уа­қыт.

Үш не­ме­се төрт рә­кат­ты на­маз­дар­да бі­рін­ші оты­рыс – уә­жіп. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) осы­лай жа­са­ған. Қа­те­ле­сіп, бі­рін­ші оты­рыс­ты отыр­май тү­ре­гел­ген уа­қыт­та сә­һу сәж­де­сін жа­са­ған184.

Қа­за­ға қал­ған бір на­маз­ды күн­діз жа­ма­ғат­пен оқы­са, егер ол на­маз бам­дат на­ма­зы се­кіл­ді жа­рия оқы­ла­тын на­маз бол­са, он­да жа­рия оқы­ла­ды. Ал, же­ке оқыл­са, қалауы ер­кін­де.

Екі айт на­ма­зы­ның әр­бір рә­ка­тын­да­ғы қо­сым­ша үш тәк­бі­рі – уә­жіп. Осы на­маз­дар­да бі­рін­ші рә­кат­тар­дың рү­күғ пен сәж­де тәк­бір­ле­рі – сүн­нет. Бі­рақ екін­ші рә­кат­тың рү­күғ тәк­бі­рі­не кел­сек, уә­жіп тәк­бір­ле­рі­нен кейін бі­ті­сіп ай­тыл­ған­дық­тан уә­жіп са­нал­ған.

На­маз­дар­дың па­рыз­да­рын­да­ғы рет­ке ба­ғы­ну – уә­жіп. Бұл рет – қы­ра­ғат пен рү­күғ ара­сын­да жә­не әр­бір рә­кат­та қайта­лан­ған әре­кет­тер­де­гі мә­се­ле. Мы­са­лы: бір адам бі­рін­ші рә­кат­тың бір сәж­де­сін тәрк ет­се, соң­ғы оты­рыс­тан не­ме­се сә­лем бер­ген­нен кейін есі­не түс­се, де­реу бұл сәж­де­ні қа­за ете­ді. Одан кейін тә­шәһ­һүд пен оты­рыс­ты қайта­лап, оң жақ­қа сә­лем бе­ріп, сә­һу сәж­де­сін жа­сайды. Со­сын тә­шәһ­һүд­ке оты­ра­ды.

На­маз ішін­де оқыл­ған сәж­де аяты үшін «тиләуәт» сәж­де­сін жа­сау – уә­жіп.

На­маз­да жа­ңы­лы­сып яки ұмы­тып қа­лып қой­ған уә­жіп­тер үшін сә­һу сәж­де­сін жа­сау – уә­жіп.

Уә­жіп­тер­дің әр­қайсы­сын өз ор­нымен жа­сап, ке­шік­тір­меу – уә­жіп. Мы­са­лы, қы­ра­ғат­тан кейін аз уа­қыт ойға шо­мып, одан кейін ру­куғ­ке ба­ру се­кіл­ді.

Имам Ағ­зам мен Имам Мұ­хам­мед­тің көз­қа­ра­сы­на қа­рай, на­маз­дың рү­күн­дер­де яғ­ни ішкі па­рыз­да­рын­да кө­ңіл то­лар­лық­тай уа­қыт кі­ді­ру – уә­жіп.

На­маз­дар­дан кейін сә­лем бе­ру – уә­жіп. Яғ­ни, оң мен сол жа­ғы­на жү­зін бұ­рып, «әс-Сә­лам» (сіз­дер­ге сә­лем) деу – уә­жіп. «Алай­кум уә рах­ма­тул­лаһ (Аллаһ­тың ра­қы­мы сіз­дер­ге бол­сын) сө­зі – сүн­нет. Ха­на­фи мәз­һа­бы фа­қиқ­та­ры­ның ба­сым көп­ші­лі­гі­нің көз­қа­ра­сы­на қа­рай, оң жақ­қа «әс-Сә­лам» деу ар­қы­лы на­маз аяқ­та­ла­ды. Кей­бір көз­қа­рас бойын­ша, сол жақ­қа сә­лем бе­ру – сүн­нет. Сол се­беп­ті ал­ғаш сә­ле­мін бер­ген имам­ға ке­шік­кен адам­ның ұюы дұ­рыс емес185.



180 Тирмизи, Мәуақит, 69.

181 Ханбәл, III.2.

182 Тирмизи, Мәуақит, 69.

183 Нәсаи, Қиямул-Ләйл/23.

184 Шәукани, II. 273

185 Білмен, 128.

0 пікір