На­маз сүн­нет­те­рі
На­маз сүн­нет­те­рі
9 жыл бұрын 8337
Қайрат Жолдыбайұлы

Сүн­нет – Алла Ел­ші­сі­нің үне­мі жа­са­ған жә­не еш­қан­дай се­беп­сіз тас­та­ма­ған не­ме­се кейде се­беп­сіз жа­са­ма­ған сөз бен іс-әре­кет­те­рі. На­маз­да суб­ха­на­ка дұ­ға­сын оқу, т.б. іс-әре­кет­тер – сүн­нет. Сүн­нет­тің орын­да­луын­да сауап бар. Жа­сал­ма­са жа­за жоқ. Тек қа­на айып­та­ла­ды.

На­маз­дың сүн­нет­те­рі на­маз­дың уә­жіп­те­рін то­лық­ты­рып, адам­ды ар­тық сауап­қа ке­нел­те­ді. Сүн­нет­тер­ді орын­дау, оны әр­дайым жа­сап оты­ру – Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға (с.а.у.) де­ген шы­найы ма­хаб­бат.

1. Бес уа­қыт на­маз бен жұ­ма на­ма­зы үшін азан мен қа­мат оқу. Сол се­кіл­ді жа­ма­ғат­пен оқы­ла­тын қа­за на­маз­дар үшін де азан, қа­мат – сүн­нет. Бі­рақ жа­ма­ғат­пен бір­не­ше қа­за на­ма­зы оқы­ла­тын бол­са, тек қа­на бі­рін­ші на­маз­дан бұ­рын азан ша­қы­рып, қал­ған на­маз­дар­да қа­мат айты­ла­ды. Өз үйін­де же­ке на­маз оқи­тын адам үшін азан мен қа­мат – мұс­та­хап. Жа­ма­ғат­пен оқы­ла­тын на­маз үшін азан, қа­мат­тың ай­тыл­мауы – мәк­рүһ. Жұ­ма­ға қа­ла­да бо­ла тұ­рып се­беп­сіз қа­ты­са ал­ма­ған жан­дар­ға бе­сін на­ма­зын оқыр ал­дын­да азан мен қа­мат қа­жет емес. Әйел за­ты үшін де азан мен қа­мат сүн­нет емес.

2. Иф­ти­тах (бас­тау) тәк­бі­рі үшін қол­да­рын кө­те­ру – сүн­нет. Ер кі­сі­лер қол­да­ры­ның бас бар­мақ­та­рын құ­лақ­та­ры­ның жұм­са­ғы­ның тұсына, әйел­дер қол­да­рын иық­та­ры­на же­те­тін­дей кеуде­ле­рі­не дейін кө­те­ріп «Аллаһу әк­бар» дейді. Қолды көтерген кезде алақандары ашық күйде құбылаға қаратылып, саусақтары еркін тұруы керек. Ха­на­фи­лар бұл жайлы мы­нандай ха­дистерге сүйене­ді:

عَن الْبَرَاءِ بْنِ عَازِبٍ قَالَكَانَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا كَبَّرَ رَفَعَ يَدَيْهِ حَتَّى نَرَى إِبْهَامَيْهِ قَرِيبًا مِنْ أُذُنَيْهِ

Бә­ра ибн А'зиб (р.а.) бы­лай дейді: «Аллаһ Ел­ші­сі тәкбір келтірген кезде қолдарын көтеретін. Сонда екі бас­бар­ма­ғының екі құлағына жақын болғанын көретінбіз»[1].

Әнәс ибн Мәликтен мына хидис риуаят етілді: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) намазды бастаған кезде тәкбір айтатын да қолдарының екі басбармағын екі құлағының тұсына  дейін көтеретін».[2]  Дәрәқутни бұл хадисті сахих деген.

عَنْ مَالِكِ بْنِ الْحُوَيْرِثِأَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ كَانَ إِذَا كَبَّرَ رَفَعَ يَدَيْهِ

حَتَّى يُحَاذِيَ بِهِمَا أُذُنَيْهِ

Мәлик ибн әл-Хуайристен риуаят етілген басқа бір хадисте: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) тәкбір айтқан кезде қолдарын құлақтарының тұсына дейін көтеретін...»[3]

Ша­фи­ғи мен Ма­ли­ки­лер ибн Омар­дың: «Аллаһ Ел­ші­сі (с.а.у.) на­маз­ға бас­та­ған кез­де екі қо­лын иығы­ның дең­гейінеже­те­тін­дей кө­тер­ді» – де­ген ха­ди­сі бойын­ша амал ете­ді.

Ханафи мәзһабында намазда бір-ақ жерде қол көтеріледі. Намазға бастаған уақытта ғана. Ал рүкүғке барғанда және қайтқан кезде тәкбір айтылғанмен қолдар көтерілмейді. Бұған байланысты көптеген сахих хадистер бар. Мысалы:

 عَنْ عَلْقَمَةَ عَنْ عَبْدِ اللَّهِ أَنَّهُ قَالَأَلَا أُصَلِّي بِكُمْ صَلَاةَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَصَلَّى فَلَمْ يَرْفَعْ يَدَيْهِ إِلَّا مَرَّةً وَاحِدَةً

 

   Алқама Абдуллаһтан риуаят етті: Ол (Абдуллаһ ибн Мәсғуд): «Мен сендерге Аллаһ Елшісінің намазын оқып көрсетейін бе? -деп намаз оқыды. Намазда екі қолын  бір-ақ рет көтерді». Бұл хадис Насайиде келтірілген. Дәрежесі сахих. Сондай-ақ, бұл хадис Ибн Әби Шәйбада да келтірілген. Оның риуаятындағы жеткізген жеткізушілердің бәрі Бухари мен Муслимнің шартына сай. Тек Асым ғана Бухаридің шартына сай емес. Бірақ Муслимнің шартына сай. Бұл хадис тағы да  Ахмадтың «Муснадында» келген.[4]

Ханафи ғалымдары рүкүғқа барарда және рүкүғдан қайтқанда қол көтерілетіндігіне  байланысты хадистерді емес, Ибн Масғудтың осы хадисін негізге алған. Себебі, Ибн Масғуд сахабалардың арасындағы ең көп фиқһ білімін меңгерген әрі жас жағынан да ең үлкені еді.

3. Имам­ға ұйы­ған адам­ның иф­ти­тах (бас­тау) тәк­бі­рі имам­ның иф­ти­тах тәк­бі­рі­не жа­қын бо­луы – сүн­нет. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бұл жайлы бы­лай дейді: «Имам тәк­бір алы­сы­мен, сен де тәк­бір ал» 188.

Оң қо­лын сол қо­лы­ның үс­ті­не қою. Яғ­ни, тәк­бір алып, қол бай­лан­ған кез. Ха­зі­ре­ті Али­дің бір риуая­тын­да: «Оң қол­ды сол қол­дың үс­ті­не, кін­дік­тің ас­ты­на қою сүн­нет­тен»189.

رأيت النبي صلى الله عليه وسلم وضع يمينه على شماله في الصلاة تحت السرة

Уайл ибн Хужр: «Ра­су­лаллаһ­тың оң қо­лын сол қо­лы­ның үс­ті­не әрі кін­ді­гі­нің ас­ты­на қойға­нын көр­дім»,­де­ді*. (Бұл ха­дис­ті Әбу Бә­кір ибн Әби Шайба риуаят ет­ті. Ха­дис­тің дә­ре­же­сі са­хих.)

   Ер­лер оң қо­лы­ның іш жа­ғын сол қо­лы­ның үс­ті­не қойып, бас бар­мақ пен шы­на­шақ ар­қы­лы бі­лек­ті орайды. Әйел­дер екі қо­лын кеуде­сі­не апа­рып, оң қо­лын сол қо­лы­ның үс­ті­не қояды. Бі­рақ сау­сақ­та­ры­мен бі­лек­те­рін ора­майды.

4. «Суб­ха­на­ка» дұ­ға­сын оқу. Яғ­ни, иф­ти­тах (бас­тау) тәк­бі­рі­нен кейін құ­пия түр­де «сә­на» (ма­дақ) дұ­ға­сын оқу – сүн­нет. Ол тө­мен­де­гі­дей: { سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَ بِحَمْدِكَ وَ تَبَارَكَ اسْمُكَ وَ تَعَالىَ جَدُّكَ وَ لاَ إِلَهَ غَيْرُكَ} «Суб­ха­на­ка Аллаһум­ма уә би-хам­ди­ка уә тә­бә­ра­кас-му­ка уа та'ала жәд­ду­ка уә ләә-илә­һә ғайру­ка».

«Я, Аллаһым! Се­ні тәс­бих етіп (күл­лі жа­ра­ты­лыс пен нұқ­сан атаулы­дан) пәк­тей­мін. Са­ған «хамд» ай­тып, ма­дақ­тай­мын. Се­нің қа­сиет­ті есі­мің аса мү­бә­рак. Жә­не де се­нің ұлы­лы­ғың аса жо­ға­ры. Се­нен бас­қа еш­бір құ­дай жоқ».

Аллаһ Ел­ші­сі­нің на­маз­ды бас­та­ған сәт­те осы дұғаны оқы­ған­ды­ғын Ха­зі­ре­ті Айша жет­кі­зген190.

5. Ал­ғаш­қы рә­кат­та – «Фа­ти­ха­дан» бұ­рын құ­пия түр­де «Ә'узу мен Бис­мил­лаһ­тың» оқы­луы жә­не ке­ле­сі рә­кат­тар­да – «Фа­ти­ха­дан» бұ­рын Бис­мил­лаһ оқы­луы – сүн­нет. Ә'узу мынау:  أَعُوذُ بِاللهِ مِنَ الشيْطَانِ الرَجِيمِ«Ә'узу бил­ла­һи ми­наш-шайта­нир-ра­жим»(ила­һи ра­қым­ды­лық­тан қуыл­ған шай­тан­нан Аллаһ­қа сиына­мын). Мұ­ның айты­лу дә­ле­лі Құ­ран­да: «Құ­ран оқы­ған кез­де қуыл­ған шай­тан­нан Аллаһ­қа сиын»191 «Бис­мил­ла­һир-рах­ма­нир-ра­хим» (Рах­ман жә­не Ра­хим Аллаһ­тың аты­мен бас­тай­мын). Бі­рақ имам­ға ұйы­ған «Фа­ти­ха­ны» оқы­май­тын­дық­тан, «Ә'узу» мен «Бис­мил­лаһ­ты» да оқы­майды.

6. «Фа­ти­ха» біт­кен­де іш­тей «әмин» (дұ­ға­ла­ры­мыз­ды қа­был ет) деу – сүн­нет. Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.):

«Имам «уә­лад­дал­лин» де­ген уа­қыт­та сен­дер де «әмин» дең­дер, кім де кім­нің «әмин» деуі пе­ріш­те­лер­дің «әмин» деуіне дәл кел­се, жа­са­ған кү­нә­ла­ры ке­ші­рі­ле­ді», – де­ген. 192

7. Имам­ның айта­тын тәк­бір­ле­рі мен рү­күғ­тен тұр­ған ке­зін­де:

}سَمِعَ اللهُ لِمَنْ حَمِدَهُ{ «Сә­ми' Аллаһу ли­мән ха­ми­даһ» (Аллаһ өзін ма­дақ­та­ған жан­ның ма­да­ғын ес­ти­ді) сө­зі мен на­маз­дың со­ңын­да екі жақ­қа жа­рия түр­де сә­лем бе­руі – сүн­нет. Со­ны­мен қа­тар, имам­ға ұйы­ған­дар­дың рү­күғ­тен тұр­ған ке­зін­де құ­пия түр­де: {ألَّلهُمَّرَبَّنَاوَلَكَالْحَمْدُ}«Аллаһум­ма Раб­бә­нәә уә лә­кәл-хамд» (Ей, Раб­бы­мыз Аллаһ! Хамд пен ма­дақ са­ған ға­на лайық) деуі мен тәк­бір мен сә­лем­ді құ­пия­лап айтуы – сүн­нет. Жа­рия оқу­дың ең тө­ме­ні – ал­ғаш сап­та­ғы адам­дар ес­ти­тін­дей бо­луы ке­рек. Құ­пия оқу­дың ең тө­ме­ні – өзі­не ең жа­қын адам­ның ес­туі.

8. Рү­күғ пен сәж­де­ге ба­рар­да жә­не тұр­ған­да алы­на­тын тәк­бір – сүн­нет, Аб­дул­лаһ ибн Мас­ғуд (р.а.) Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) осы­лай тәк­бір ал­ға­нын көр­ге­нін айта­ды193. Бі­рақ рү­күғ­тен тұр­ған кез­де, «Сә­ми' Аллаһу ли­мән ха­ми­даһ» деп айты­ла­ды. Рүкүғқа барарда және қайтарда тәкбір айтылғанмен қолдар көтерілмейді.

9. Рү­күғ­тен тұ­рып жат­қан кез­де, «Сә­ми' Аллаһу ли­мән ха­ми­даһ» деп, ар­ты­нан«Раб­бә­нә уә лә­кәл-хамд» деу де – сүн­нет. Имам әуел­гі­сін – жария, кейін­гі­сін – құ­пия айта­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Имам Сә­ми' Аллаһу ли­мән ха­ми­даһ» де­ген кез­де, сен­дер «Раб­бә­нәә уә лә­кәл-хамд» дең­дер», – дейді194.

10. Рү­күғ пен сәж­де тәс­бих­та­ры – сүн­нет. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Кім­де-кім рү­күғ­ке бар­ған кез­де, үш рет «Суб­ха­на Раб­биял-а'ла» де­сін. Бұл сан – тәс­бих­тың ең аз мөл­ше­рі»195– деп айт­қан.

11. Рү­күғ­те ер кі­сі­лер­дің қол­да­ры мен сау­сақ­тар­дың ара­сы ашық түр­де ті­зе­лер­ге қойылуы – сүн­нет. Әйел­дер тек қа­на қол­да­рын ті­зе­ле­рі­нің үс­ті­не қою­мен шек­те­ле­ді. Со­ны­мен қа­тар ер кі­сі­лер­дің рү­күғ­те түрегеп тік тұ­ру­ла­ры, бас­та­рын ар­қа­сы­мен тең ұс­тап, одан жо­ға­ры кө­тер­меуле­рі де, тө­мен тү­сір­меуле­рі де сүн­нет. Әйел­дер­дің ті­зе­ле­рі аз­дап бү­гі­ле­ді.

12. Қиям­да (түрегеп тұр­ған­да) екі аяқ ара­сын иықтың  көлеміндей ашық ұс­тау – сүн­нет.

13. Сәж­де­ге ба­ра жат­қан­да ал­ды­мен ті­зе­лер­ді, одан кейін қол­дар­ды, одан кейін маңдайды жер­ге тигізу.

14. Сәж­де оты­рыс­та­ры мен тә­шәһ­һүд оты­рыс­та­рын­да сол ая­ғын жер­ге жат­қы­зып, оң ая­ғын тік ұс­тап, сау­сақ­та­рын құ­бы­ла­ға қа­ра­ту – сүн­нет. Әйел­дер сол аяқ­та­рын оң жа­ғы­на жат­қы­зып жер­ге оты­ра­ды.

15. Оты­рыс­тар­да жә­не сәж­де ара­сын­да­ғы кі­дір­ме оты­рыс­тар­да қол­да­рын ті­зе­ге жа­қын сан­да­ры­ның үс­ті­не қою.

16. Оты­рыс­тар­да әт-та­хият­ты оқы­ған­да «Ләә илә­һә» де­ген кез­де оң қо­лы­ның сұқ сауса­ғын кө­те­ріп, «ил­лаллаһ» деп, қайта тү­сі­рі­луі – сүн­нет. Сұқ сау­сақ кө­те­ріл­ген­де, қал­ған сау­сақ­тар бү­гі­ле­ді. Бұл – Аллаһ­тан бас­қа құ­дай жоқ­ты­ғын қуат­тау­дың бел­гі­сі.196

17. Па­рыз на­маз­дар­дың үшін­ші, төр­тін­ші рә­кат­та­рын­да «Фа­ти­ха» оқу қуат­ты көз­қа­рас­тар­ға қа­рай – сүн­нет.

18. Па­рыз, уә­жіп жә­не мүәк­кәд сүн­нет­тер­дің соң­ғы оты­рыс­та­рын­да жә­не бе­кі­тіл­ме­ген сүн­нет пен пә­піл на­маз­дар­дың да әр­бір оты­рыс­та­рын­да әт-та­хият­тан кейін Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға (с.а.у.) салауат айту – сүн­нет.

Қа'б ибн Уж­ра (р.а.) на­маз­да­ғы салауат­тың бас­та­луын бы­лайша баян­дайды: «Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­бар біз­дің жа­ны­мыз­ға кел­ді. Біз оған: «Пай­ғам­ба­рым, Аллаһ біз­ге са­ған қа­лай сә­лем бе­ре­ті­ні­міз­ді үй­рет­ті. Сен де біз­ге са­ған қа­лай салауат айту ке­рек еке­нін үй­рет», – де­дік. Сон­да ол салауат дұ­ға­сын бы­лайша баян ет­ті:

{أللهُمَّ صَلِّ علىَ مُحَمَّدٍ وَ علَى آلِ مُحمدٍ كَما صَلَّيْتَ علَى اِبْرَاهِيمَ وَ على آلِ اِبْرَاهِيمَ اِنَّكَ حَميدٌ مَجيدٌ وَبَارِكْ علىَ مُحَمَّدٍ وَ علَى آلِ مُحمدٍ كَما بَارَكْتَ علَى اِبْرَاهِيمَ وَ على آلِ اِبْرَاهِيمَ اِنَّكَ حَميدٌ مَجِيدٌ}

«Аллаһум­ма сал­ли а'ла Му­хам­мә­дин уә а'ла әли Му­хам­мәд. Кә­мәә са­лайта а'ла Иб­ра­һи­мә уә а'ла әли Иб­ра­һим. Ин­нә­кә ха­ми­дун мә­жи­ид. Уә бәә­рик а'ла Му­хам­ма­дин уә а'ла әли Му­хам­мад. Кә­мәә бәә­рәк­тә а'ла Иб­ра­һи­мә уә а'ла әли Иб­ра­һим. Ин­нә­кә ха­ми­дун мә­жи­ид».

«Я, Аллаһым! Пай­ғам­ба­ры­мыз(с.а.у.) Мұ­хам­мед­ке жә­не Оның от­ба­сы мен ұр­па­ғы­на, мейірі­мің­ді тө­гіп, олар­дың ме­рейін үс­тем ет. Ту­ра ха­зі­ре­ті Иб­ра­һим жә­не оның от­ба­сы мен ұр­па­ғы­на мейірі­мің­ді тө­гіп, олар­дың ме­рейін үс­тем ет­ке­нің­дей. Жә­не Ха­зі­ре­ті Мұ­хам­мед пен оның от­ба­сын, ұр­па­ғын мү­бә­рак ет. Олар­дың ырыс-бе­ре­ке­тін ұдайы арт­тыр. Ту­ра Ха­зі­ре­ті Иб­ра­һим жә­не оның от­ба­сы мен ұр­па­ғын мү­бә­рак ет­ке­нің се­кіл­ді. Кү­мән­сіз, Сен – Ха­мид­сің, мә­жид­сің. Яғ­ни бар­лық ма­дақ пен ұлы­лық, ас­қақ­тық са­ған ға­на тән». Ха­зі­ре­ті Иб­ра­һим­нің айты­луы – оған үл­кен бе­ре­кет бе­ріл­ген­ді­гі үшін. Әрі Пай­ғам­ба­ры­мыз да (с.а.у.) со­ның ұр­па­ғы­нан ке­ле­ді.

19. Сә­лем­нен бұ­рын дұ­ға оқы­луы – сүн­нет. Бұл дұ­ға­ға Құ­ран мен Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) са­хих дұ­ға­ла­ры­ның таң­да­луы аб­зал. На­маз­да оқы­ла­тын дұ­ға:

{ رَبَّنا آتِنَا فى الدُّنْيَا حَسَنةً وَ فيِ الآخِرَةِ حَسَنَةً وَ قِنَا عَذابَ النَّارِ}

«Раб­бә­нәә әәти­нә фид-дү­ниә ха­са­на­тән. Уә фил-әәхи­ра­ти ха­са­на­тән. Уә қи­нәә а'зә­бән-нәр». Яғ­ни, «Я, Раб­бы­мыз! Біз­ге бұл дү­ниеде де, ақы­рет­те де жақ­сы­лық бер. Жә­не біз­ді жә­һан­нам аза­бы­нан сақ­та».

20. На­маз со­ңын­да ал­ды­мен – оң­ға, со­нан соң – сол­ға сә­лем бе­ру – сүн­нет.

На­маз­да ал­ды­на қал­тқы қою – сүн­нет. Яғ­ни, ашық жер­лер­де на­маз оқы­ған адам, ал­ды­нан бас­қа­лар өт­пеу үшін ал­ды­на 60-70 сан­ти­мет­рдей қа­лың не­ме­се жі­ңіш­ке ағаш не­ме­се қа­зық, т.б. қа­дайды. Жа­ма­ғат­пен оқы­ла­тын на­маз­да имам­ның ал­ды­на ға­на қойылуы жет­кі­лік­ті. На­маз оқы­ған кі­сі ал­ды­нан өт­пек­ші бол­ған адам­ға «Суб­ха­наллаһ» деп ес­кер­те ала­ды197.



[1] Сунануд-Дарәқутни, 3-том, 245-бет. Муснад Ахмад.

[2] әд-Дарәқутни.

[3] Муслим, әс-Салат.

[4] Зафар Ахмад, Иғлаус-сунан, 3-том, 70-71 бет.  Дарул-кутубул-ғилмия, Байрут. 1997 ж.

188 Бухари, Салат, 18; Муслим, Салат, 62.

189 Әбу Дәәуд, Салат. 118.

* Әсғад Мухаммад Сағид әс-Сағиржи, Фиқһул­ханафи уә адиллатуһ, 163-бет. Дәрул-калимут-таййб, Димашқ. Рахматуллаһи Абдунғаний Ибараһим Халил, Нақлул ихтилаф биқасдил-и′тиләф, 77-бет. Сауд Арабия, Әл-мактабатул-мәккиаһ. 2000 ж.

190 Муслим, Мусафирин, 202.

191 Нахыл, 16/98.»

192 Бұхари/1-108.Хадисті Әбу Һурайра риуаят етеді..

193 Бухари, Азан, 116

194 Бухари, Азан, 52.

195 Ибн Мажә, Иқамә, 20.

196 Тирмизи, Салат, 84.

197 Білмен, 132.

0 пікір