На­маз түр­ле­рі
На­маз түр­ле­рі
10 жыл бұрын 19944
Қайрат Жолдыбайұлы

На­маз үш­ке бө­ле­не­ді:

1) Па­рыз

2) Уә­жіп

3) Нә­піл

Ха­на­фи мәз­һа­бы­нан бас­қа мәз­һаб­тар «уә­жіп үкі­мі» де­ген­ді қа­был ет­пейді. Олар па­рыз жә­не нә­піл деп на­маз­ды екі­ге бө­ле­ді:

 

Па­рыз на­маз­дар

Па­рыз на­маз­дар – «айн па­рыз» (жал­қы па­рыз), «ки­фая па­рыз» (жал­пы па­рыз) бо­лып екі­ге бө­лі­не­ді. Айн па­рыз на­маз – ба­ли­ғат­қа тол­ған бар­лық мұ­сыл­ман­дар­ға па­рыз, әр­қайсы­сы олар­ды же­ке-же­ке іс­ке асы­ру­ға мін­дет­ті. Айн па­рыз­ға бес уа­қыт на­маз бен жұ­ма на­ма­зы жа­та­ды. Жұ­ма на­ма­зы – сол күн­гі бе­сін на­маз­дың ор­ны­на жа­ма­ғат­пен оқы­ла­тын екі рә­кат на­маз. Жұ­ма­дан ке­шік­кен сол күн­нің бе­сін на­ма­зын оқи­ды.

Ки­фая на­ма­зы – бір мұ­сыл­ман ғұ­мыр­дан өт­кен­де әуелі жа­қын­да­ры мен та­ныс­та­ры, жал­пы мұ­сыл­ман­дар­дың оқи­тын жа­на­за на­ма­зы. Бұл на­маз­ды бір­не­ше мұ­сыл­ман оқы­са же­тіп жа­тыр. Бас­қа­ла­ры оқы­ма­ған­дық­та­ры үшін жауап­ты бол­майды. На­маз­дың сауа­бын оқы­ған ға­на ала­ды. Ал, еш­кім оқы­ма­са бә­рі кү­нә­кар бо­ла­ды.

 

Уә­жіп на­маз­дар

Уә­жіп на­маз­дар – мұ­сыл­ман­ның іс-әре­ке­ті­не байла­ны­сы жоқ жә­не ті­ке­лей байла­ны­сы бар уә­жіп деп екі­ге бө­лі­не­ді. Бі­рін­ші топ­та­ғы уә­жіп на­маз­да­ры­на – құп­тан на­ма­зы­нан кейін оқы­ла­тын үш рә­кат үтір на­ма­зы мен Ра­ма­зан жә­не Құр­бан айтта оқы­ла­тын айт на­маз­да­ры жа­та­ды. Екін­ші топ­қа нә­зір (атау) на­ма­зы, қа­те­лік сәж­де­сі жә­не бас­та­лып, аяқ­тал­май бұ­зыл­ған на­маз­дың қа­за­сы жа­та­ды. Нә­зір на­ма­зы – адам­ның өзі­не мін­дет бол­ма­ған на­маз­ды атау ар­қы­лы уә­жіп ет­кен на­маз.

 

Нә­піл на­маз­дар

Па­рыз бен уә­жіп на­маз­дар­дан өз­ге на­маз­дар «нә­піл на­маз» деп ата­ла­ды. Па­рыз на­маз­дар­дың ал­дын­да жә­не со­ңын­да оқы­ла­тын сүн­нет на­маз­дар нә­піл на­маз­ға жа­та­ды. Нә­піл на­маз­ды сүн­нет на­маз­да­ры­нан бө­лек дә­ре­же­ге жат­қыз­ған ға­лым­дар да бар. Олар на­маз­дар­ды төр­тке бө­ле­ді:

1) Па­рыз на­маз­дар

2) Уә­жіп на­маз­дар

3) Сүн­нет на­маз­дар

4) Нә­піл на­маз­дар

Бі­рақ ең дұ­ры­сы, па­рыз бен уә­жіп на­маз­дар­дан тыс на­маз­дар­ды – жал­пы нә­піл на­маз деп атап, бұ­лар­ды же­ке-же­ке топ­қа бө­лу. Бұл – жүйелі жә­не ерік­ті сүн­нет деп екі­ге бө­лі­не­ді. Жүйелі (рауа­тиб) сүн­нет бел­гі­лі бір жүйе­мен бес уа­қыт па­рыз на­маз­да­ры­мен бір­ге оқыл­ған на­маз­дар. Яғ­ни, бел­гі­лі тәр­тіп­пен оқыл­ған сүн­нет на­маз­дар.

Бұл сүн­нет­тер де «мүәк­кәд» (бе­кі­тіл­ген) сүн­нет», «ғайру мүәк­кәд» (бе­кі­тіл­ме­ген) сүн­нет бо­лып екі­ге бө­лі­не­ді. Мы­са­лы, таң на­ма­зы­ның екі рә­кат сүн­не­ті – мүәк­кәд сүн­нет, на­маз­ды­гер мен құт­пан­ның ал­дын­да­ғы төрт рә­кат сүн­нет­те­рі – ғайру мүәк­кәд сүн­нет бо­лып са­на­ла­ды.

Екін­ші «ерік­ті» сүн­нет­ке – Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­бар­дың бел­гі­лі бір уа­қыт­тар­да не­ме­се кей­бір се­беп­тер ар­қы­лы оқы­ған, адам­ның қалауы­мен кез-кел­ген уа­қыт­та Аллаһ­қа жа­қын­дау үшін оқы­ған на­маз­дар жа­та­ды. Бұ­лар­ға тә­һаж­жүд на­ма­зы, сәс­ке на­ма­зы, ис­ти­ха­ра на­ма­зы, жаң­быр дұ­ға­сы, ху­суф на­ма­зы, ку­суф на­ма­зы, та­хия­тул-мәс­жид, тәубе на­ма­зы, әууа­бин на­ма­зы, тәс­бих на­ма­зы, их­рам­ға кі­ру на­ма­зы, жол­ға шы­ғу, жол­дан ора­лу на­ма­зы, қа­жет­ті­лік на­ма­зы, дә­рет пен ғұ­сыл­дан кейін оқы­ла­тын нә­піл на­маз­дар жа­та­ды122.

Ис­лам­да сүн­нет на­маз­дар, әсі­ре­се, бес уа­қыт на­маз­дар­дың сүн­нет­те­рі – па­рыз на­маз­дар­ға дайын­дық әрі олар­ға қор­ған на­маз ре­тін­де ба­ға­лан­ған. Әрі бұл сүн­нет­тер – Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­бар­ға шы­найы­лық­ты біл­ді­ре­тін на­маз­дар. Сол се­беп­ті, бұл на­маз­дар­дың оқы­луы қат­ты на­си­хат еті­ліп, тәрк еті­луі жа­ман әре­кет са­нал­ған. Бі­рақ бұл сүн­нет на­маз­дар­дың – кей­бір се­беп­тер­ге байла­ныс­ты оқыл­мауына рұқ­сат бе­рі­ліп, кең­ші­лік­пен қа­рал­ған123.



122 Негізінде жалпы халықта жүйелі сүннет – «сүннет намаз», ерікті сүннет – «нәпіл намаз» деп айтылады.

123 ДИА. Ілімһал. т. 224-225-беттер.

0 пікір