Ар-ождан дәлелі
Ар-ождан дәлелі
10 жыл бұрын 10502

 Адам ба­ла­сы өзі­нің та­за жү­ре­гі­не, бұ­зыл­ма­ған ар-ож­да­ны­на бір сәт на­зар ау­дар­са, оның әу ба­стан Ұлы Алланы қа­былдау­ға жә­не құ­дай­лық дін­ге де­ген бейім­ді­лі­гін аң­ға­ра­ды. Иә, адам ба­ла­сы жан дү­ниесі­не көз жү­гі­рт­кен уа­қыт­та ар-ож­да­ны мен жү­ре­гі­нің әр­дайым бастауы әрі со­ңы жоқ мәң­гі Ұлы Алламен те­рең бай­ла­ныс­та еке­нін се­зе­ді. Ар-ож­да­ны­ның, іш­кі дү­ниесінің тек мәң­гі Ұлы Жа­ра­ту­шы­мен ға­на жай тауып, тыныш­та­ла­ты­нын, Одан бас­қа еш­нәр­се­нің оны қа­на­ғат­тан­ды­ра ал­май­тын­ды­ғын тү­сі­не­ді. Өйтке­ні кө­зін аш­қан­нан бе­рі жан-жа­ғын­да­ғы бар­лық жа­ра­ты­лыс­тың адам­ға қыз­мет етіп тұр­ға­нын жә­не ай­на­ла­сын­да әр түр­лі ға­жай­ып іс­тер­дің ат­қа­ры­лып жат­қа­нын сез­ген та­за жү­рек пен бұ­зыл­ма­ған, кір­лен­бе­ген ар-ож­дан еш кү­мән­сіз өзі­нің Ұлы Ие­сін, Құдіретті Жа­ра­ту­шы­сын із­де­рі хақ. Сон­дық­тан жал­пы та­рих­қа көз жү­гі­рт­сек, еш­бір қо­ғамның дін­сіз, наным-сенімсіз ғұ­мыр кеш­пе­ге­ні­не куә бо­ла­мыз. Демек, адам­ның жа­ра­ты­лы­сы, жал­пы бол­мы­сы өзі­нің әлсіз­ді­гі мен мұқ­таж­ды­ғын мойындауға уа һәм өзін жа­рат­қан­ Ұлы Құдіретті із­деуге бейім жа­ра­тыл­ған. Мі­не, сон­дық­тан иман­сыз жан­дар да қи­на­лып, қиын­шы­лық­қа тап бол­ған ме­зет­те Ұлы Құ­ді­рет­ке сыйыну­ға мәж­бүр болады. Бас­та­ры­на қиын­шы­лық түс­кен­де ға­на өз­де­рі­нің әлсіз­дік­те­рін тү­сі­ніп, кір­лен­ген ар-ож­дан­да­ры оя­нып Ұлы Жа­ра­ту­шы – Алла Та­ға­ла­дан ме­дет ті­лей бастайды. Қиын­шы­лық­тан құт­қа­рыл­ған сәтте көпшілігі өзіне кө­мек берген Алла Та­ға­ла­ны ұмыт қал­ды­рып ке­те ба­ра­ды. Құран­да бұл ту­ра­лы:

﴿وَإِذَا مَسَّ النَّاسَ ضُرٌّ دَعَوْا رَبَّهُم مُّنِيبِينَ إِلَيْهِ ثُمَّ إِذَا أَذَاقَهُم مِّنْهُ رَحْمَةً إِذَا فَرِيقٌ مِّنْهُم بِرَبِّهِمْ يُشْرِكُونَ﴾

«Адам­дар­ға бір қиын­шы­лық кел­ген уа­қыт­та Раббы­ла­ры­на шын ықы­лас­пен жал­ба­ры­на­ды. Со­сын Алла өз та­ра­пы­нан олар­ға ра­қым­ды­лық (сол қиын­шы­лы­ғы­нан құт­қа­рып) тат­тыр­са, олар­дың кей­бі­реуі Раб­бы­сы­на се­рік* қо­са­ды»[1]де­лі­не­ді.

* Ал­лаһ­қа ор­тақ қо­су, ширк кел­ті­ру.
[1] Рум сү­ре­сі /33

 

1 пікір
  • Адамның рухы әлемнің күллі материалдық құндылықтарын үйіп-төгіп алдына жайып тастаса да еш қанағаттанбайды. Өйткені, рухтың іздегені-Хақ Тағала, ОҒАН деген кәміл сүйіспеншілік пен құлшылық арқылы жақындық.
    10 жыл бұрын