Табиғат заңдары мен себептері өте әлсіз, ілімсіз, санасыз, сезімсіз бола тұра нәтижелері өте керемет, жүйелі, тамаша. Демек, табиғат заңдары мен жалпы себептерден пайда болатын нәтижелерінің арасында байланыс болғанымен, жер мен көктей сәйкессіздік бар. Мысалға, кішкентай бала саусағына ілген жіппен бір жүк машинасын сүйрегенін көрсек, себеп пен нәтиже арасында сәйкессіздік болғандықтан, әлгі машинаны сүйреп бара жатқан кешкентай бала емес, басқа бір жасырын қуат бар деген тұжырымға келер едік. Міне дәл осы секілді жан-жағымызда болып жатқан себептер мен салдарлар, нәтижелер арасында бізді таңғалдырып, тамсандыратын өте үлкен сәйкессіздік бар. Жібек тәріздес, өте жіңішке тамырларымен нәзік өсімдіктер қатты тастар мен қара жерді қақ жарып шығады. Өте жұқа, нәзік жапырақтар ми қайнатар аптап ыстыққа күйместен, қурамастан тіршілігін, жасылдығын сақтап қалады. Өте әлсіз сперма мен адам баласының мына дүниеге келуі арасында байланыс болғанымен, өте үлкен сәйкессіздік бар. Олай болса, мұндай керемет жаратылыстарды жаратқан әлсіз, соқыр, білімсіз себептер мен табиғат заңдары бола алмасы анық.
Өзекті мақалалар

■
Құранды қалай арапшасынан тез оқып үйренуге болады?

■
Фәтима әл-Фихри - тарихта ең алғашқы университет ашқан мұсылман ғалым әйел (ІХ (9) ғасыр).

■
Білімді және білім үйреткен ұстазды құрмет тұту

■
Желатиннің үкімі (фиқһи талдау)

■
"Айша анамыз Пайғамбарымызға тұрмысқа шыққанда 18 жаста еді..." (жан-жақты талдау)
Көп оқылғандар

■
«РИНАТ ЗАЙЫТОВ ДАУЫ» неден шықты? (пәлсапалық-саяси эссе)

■
Ислам дінін қабылдаған 20-ші ғасырдың 5 тұлғасы

■
«Аса қаталдық - шәкірттерге залалды, әсіресе кішкене балаларға!»

■
«Дүниелік ісіңді мәңгі өмір сүрердей жаса, ал ақыреттік ісіңді ертең өлетіндей орында».

■
Кісімсіну – пендешілік дерті (философиялық эссе)