Жансыз материя қалай жан иесі болды?
Жансыз материя қалай жан иесі болды?
10 жыл бұрын 5328

Дар­ви­н­ші­лер­дің бі­рін­ші ұ­станым­да­рын­да ай­тыл­ған­дай, жан-жа­ну­ар­лар мен өсім­дік­тер­дің шы­ғу те­гі бір бо­луы мүм­кін бе?

Дар­ви­низм пі­кі­рі­н қолдайтындар бұл сұ­рақ­қа «иә» дей­ді. Дә­лел­де­рі – тек бол­жам ға­на.

Олар­дың пі­кір­ле­рі бой­ын­ша қа­зір­гі жан иеле­рі­нің бәрі жал­ғыз клет­ка­ның да­муы ар­қы­лы са­ты­лай-са­ты­лай пай­да бол­ған. Ал ен­ді бар­лық жан иеле­рі­нің бастауы бол­ған кіш­кен­тай клет­ка қа­лай пай­да бол­ды? Олар­дың ай­туын­ша клет­ка да са­ты­лай да­му жо­лы ар­қы­лы пай­да бол­ған.

Жан­сыз ма­те­рия мен жан­ды нәр­се­нің ара­сын­да таң­ға­лар­лық үл­кен ай­ыр­ма­шы­лық бар екен­ді­гі бә­рі­міз­ге бел­гі­лі. Ал ен­ді жан­сыз бір зат қа­лай ға­на өз-өзі­нен, сырт­тан, бас­қа бір күш­тің әсе­рін­сіз жан­ды клет­ка­ға ай­на­луы мүм­кін? Бұл сұ­ра­ғы­мыз­ға та­ғы да «кез­дей­соқ­тың әсе­рі­нен» де­ген жауап ала­мыз. Алай­да сол бір қарапайым клет­ка­ның өзі кез­дей­соқ өз-өзі­нен пай­да бол­а алмай­ды. Себібі ол аса ке­ре­мет, та­ма­ша жүйеге ие. Ал са­надан мақұрым, білімнен ада, жан­сыз, көр ма­те­риядан кез­дей­соқ саналы адам­ның пай­да бо­луы тімтім мүм­кін емес.

Про­фес­сор, док­тор Klous Dose (Гер­ма­нияда­ғы Johannes Gutenberg уни­вер­си­те­ті­нің биохи­мия инс­ти­ту­ты­ның рек­то­ры): «Соң­ғы 30 жыл бой­ғы өте те­рең зерт­теу­лер­ге қа­ра­ма­стан ал­ғаш жан­ды клет­ка­ның пай­да бо­луы ту­ра­лы еш­қан­дай ғы­лы­ми дә­лел та­был­ма­ды»,–деп, ал­ғаш­қы жан­ды клет­ка­ның өз-өзі­нен пай­да бо­луының еш­қан­дай ғы­лы­ми не­гіз­ге сүйен­бей­ті­нін айт­са, Keith Graham: «Ал­ғаш­қы өмір­дің (жан­ды клет­ка­ның) бастауы деп есеп­тел­ген эле­ме­нт­тер қа­зір де бар. Бі­рақ қа­зір нелік­тен олар­дан жан­ды нәр­се пай­да бол­май­ды?» ­ деп, жан­сыз эле­ме­нт­тер­ден өз-өзі­нен жан­ды нәр­се пай­да болмай­ты­нын дә­лел­дейді.

Ба­тыс­тың бел­гі­лі ға­лы­мы Max Planck ма­те­рияның қалай пай­да бол­ған­ды­ғы жай­лы бы­лай дей­ді:

«Ма­те­рия бел­гі­лі бір күш-құ­ді­рет ар­қы­лы тір­ші­лік бе­ті­не шы­ғып, пай­да бо­ла­ды. Ма­те­рияның ішін­де кіш­кен­тай-кіш­кен­тай күн жүйесі тә­різ­дес жүйе­лер бар. Атом жә­не элект­рон деп ата­ла­тын бұл жүйе­лер ма­те­рияны ыды­рап ке­ту­ден қор­ғай­ды. Ға­рыш­та мұн­дай ке­ре­мет күш-қуат бол­ма­ға­ны­на қа­ра­ған­да күл­лі жа­ра­ты­лыс­ты бел­гі­лі бір жүйеде ұс­тап тұр­ған ке­ре­мет ілім, шек­сіз құді­рет иесі бо­лу­ға тиіс. Мі­не, ма­те­рияның бастауы – осы құ­ді­рет. Бұл құ­ді­рет­тің Ұлы Жаратушы еке­ні кү­мән­сіз».

0 пікір