Қия­мет не­ме­се ақыр­за­ман кө­рі­ніс­те­рі
Қия­мет не­ме­се ақыр­за­ман кө­рі­ніс­те­рі
10 жыл бұрын 2685
Қайрат Жолдыбайұлы

Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның бел­гі­ле­ген уақы­ты ке­ліп же­тіп, дү­ниеде­гі сы­нақ мер­зі­мі бі­тіп тоқ­та­ған ме­зет. Ис­ра­фил пе­ріш­те Ұлы иесі­нің бұй­ры­ғын алар-ал­мас ға­жай­ып сыр­най­ын үр­леп кеп жі­бе­руі мұң екен дү­ниенің ас­таң-кес­те­ңі шы­ғып тас-тал­қан бол­ды. Еш тү­ге­сіл­мес­тей кө­рін­ген, тіп­ті мәң­гі­лік деп бол­жал­ған Күн де бү­гін­де пә­ни­лік­ке бел бү­гіп, мәң­гі­лік­тің шы­найы Ие­сін адам ба­ла­сы­на ұқ­тыр­ған­дай. Ға­сыр­лар бойы әлем­ді жа­рық­қа бө­леп, жы­лу­ын то­лас­сыз тө­гіп тұр­ған күн­нің де бү­гін осы­лай­ша нұ­ры сө­ніп, жер мен қо­са көп­те­ген әлем қа­раң­ғы­лық­қа қа­мал­ды. Көк­те­гі жы­мың­да­ған сан­сыз жұл­дыз­дар­дың жа­ры­ғы сө­ніп, тас-талқан болған күйде күл боп ша­шы­лып  үрей­ге үрей қос­ты. Жер­дің қа­зы­ғы кей­пін­де жа­рал­ған биік-биік ас­қар тау­лар да көк­ке кө­те­рі­ліп ба­рып, жер­ге құ­лап, бір-бі­рі­не ұры­лып, шаң-то­заң­ға ай­на­лып, Құ­ран­ның ті­лі­мен айт­қан­да «тү­тіл­ген жүн­дей» бол­ды. Тау­лар кө­шіп, сы­нап­тай тол­қып, әр жер­ден ат­қы­лап шық­қан жанартау­лар сай-сай­ды қуа­лап, ал­ды­нан шық­қан­ды өртеп, жұт­қан күй­де ағып ба­ра­ды. Әшейін­де от­ты су­мен өшір­сек, бү­гін, мі­не, су ата­сы те­ңіз­дер де өрт­ке ай­на­лып, жа­лын ша­шып тұр. Жай уа­қыт­та аз ға­на жер сіл­кі­ну­ден үрейі қа­шып, жү­ре­гі жа­ры­ла­тын адам­ның бұл күн­гі жағ­дай­ын бір ой­ла­ңыз­шы?! Жер бе­ті қап-қа­раң­ғы. Тек әр жер­ден ақ­қан жа­нартау­лар мен те­ңіз­ден шық­қан қа­лың өрт­тің қорқынышқа толы қызғылт түсті жарығы ғана бір­де сө­ніп, бір­де жа­нып, бір­де кү­шейіп, бір­де әл­сі­реп тұр. Бұл кө­рі­ніс­тер­ге куә бол­ған тау-тас­та­ғы, ну ор­ман­да­ғы жай уа­қыт­та бір-бі­рі­нен үр­ке қа­ша­тын жа­байы аң­дар да қор­қы­ныш­тан бір-бі­рі­не үйез­деп, бү­ріс­кен бой­да шо­ғыр­ла­нып әр жер­де топ-топ боп, шың­ғы­ра шық­қан әр түр­лі дау­ыс­та­ры­мен қор­қы­ныш­қа қор­қы­ныш қос­қан.

Иман­нан нә­сі­бін ала ал­ма­ған «шы­ғай­бай­лар­дың» бір-бі­рі­мен бә­се­ке­ле­сіп, жа­ры­са соқ­қан ұзын-ұзын, қа­бат-қабат үй­ле­рі күл­дей үгі­ті­ле құ­лап, ішін­де­гі адам­дар «ой­бай» де­ген үй­рен­шік­ті сөз­ді ға­на ай­ту­ға ша­ма­ла­ры ке­ліп, жер­мен-жек­сен бо­лып, бе­тон­дар­дың ас­тын­да мыж-тыж боп жан­шыл­ған бой­да кө­мі­ліп жа­тыр. Қор­қы­ныш­тан не іс­те­рін біл­мей, жү­рек­те­рі аузы­на ке­ліп, өне бойы қал­ты­рап, не бо­лып кет­ке­нін тү­сін­бей аб­ды­рап қал­ған адам­дар. Ары-бе­рі са­бы­лып шыр­қы­рай жү­гір­ген жан­дар бір-бі­рін та­ны­май­ды. Бұл кү­ні қор­қы­ныш­тан аяғы ауыр жүк­ті әйел­дер де құр­сақ­та­ғы ба­ла­ла­рын тү­сік тас­тай­ды.

Күн-түн де­мей тер тө­гіп қол жеткізген бай­лық­тар­ға да, асыл, құн­ды дү­ниелер­ге де бұл кү­ні еш­кім пыс­қы­рып та қа­ра­май­ды. Бұл сәт­те асыл тас­тар­дың да, ал­тын-әше­кей­дің де ешкім­ге ке­ре­гі жоқ. Ха­дис­те ай­тыл­ған­дай «ма­са­ның сынық қа­на­ты­нан да құн­сыз». Ке­дей, жар­лы-жа­қы­бай­лар­ға со­қыр тиы­нын да қи­ма­ған «шы­ғай­бай­лар» бұл кү­ні амал­сыз арт­та қа­лып ба­ра жат­қан мал-мү­лік, дүниеле­рі­не қа­ра­ған бой­да «не­лік­тен бұл күн ке­ліп жет­пес бұ­рын Алла жо­лын­да жұм­сап, із­гі­лік­ке сарп ет­пе­дім?» деп өкі­ніш­тен бар­мақ­та­рын шай­най­ды. Бі­рақ оларға осы са­ғат­та жа­са­ған бұл өкі­ніш­те­рі­нен не пай­да? Не қай­ыр?

Ай­қай­ла­ған құ­лын­да­ғы дауыс­тар, тү­сі­нік­сіз сөз­дер. Әшейін­де тә­кап­пар­ла­нып Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы­на қар­сы шы­ғып, бұл күн­ді ес­кер­тіп кел­ген Құ­ран­ға да, Пай­ғам­бар­ға да жал­ған деп, на­маз оқып, ора­за ұс­тап дін­ге бас иіп, осы күн­нен қо­рық­қан құ­дай­шыл жан­дар­ға мыс­қыл­дай кү­ле қа­рап, олар­ға «ке­рі қал­ған, арт­та қал­ған бай­ғұс­тар» ла­қа­бын та­ғып, мен­сін­бей қа­рай­тын кә­пір­лер де бұл күн­де ті­лі кел­се де кел­ме­се де «Лә илә­һә иллаллаһ мухам­ма­дур-ра­су­лул­лаһ» деу үшін ау­зын­да­ғы қы­зыл етті алай да бұ­лай да бұ­рап кө­ріп, жан­та­ла­сып, бір өліп, бір ті­рі­ліп қыл­ғы­нып жа­тыр. Бі­рақ, олар­дың Құ­ді­ре­ті шек­сіз­дің осын­дай дү­ниеде­гі сы­нақ уақы­ты біт­кен сәт­те, әр нәр­се­нің Оны ашық­тан-ашық паш ет­кен мез­гіл­де келтір­ген иман­да­ры­нан не пай­да?! Не үміт?!

Бі­рақ осы күн кел­мес бұ­рын Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы­на иман етіп, өмір­ле­рін із­гі іс­тер­мен кес­те­ле­ген адал жан­дар бұл қор­қы­ныш­ты оқи­ға­ны, үрей­лі құ­бы­лыс­ты көр­мес­тен, Рах­ман Иеле­рі та­ра­пы­нан жі­бе­ріл­ген ға­жай­ып хош иіс­ті иіс­ке­ген бой­да жан тап­сы­ра­ды. Иә, шы­найы мұ­сыл­ман­дар осы бір сұ­ра­пыл оқи­ға­ны көр­мек емес, хадис­те бұл жай­лы: «Қия­мет тек адам­дар­дың жа­ма­ны­на бо­ла­ды»[1], - де­лі­не­ді.

[1] Мус­лим, Фи­тән 131.

0 пікір