Қия­мет кү­ні
Қия­мет кү­ні
10 жыл бұрын 5978
Қайрат Жолдыбайұлы

Қия­мет деп Ис­ра­фил ат­ты пе­ріш­те­нің сыр­най­ға ал­ғаш рет үр­леуі­нен кейін жал­пы жа­ра­ты­лыс­тың, жан-жа­ғы­мыз­да­ғы жүйе­нің күл-тал­қан бо­лып қи­рауын, бар­лық жан иеле­рі­нің өлім құ­шу­ын ай­та­ды. Қия­мет­тің бо­луы ақыл қа­был­дай ал­май­тын­дай те­ріс құ­бы­лыс емес. Өйтке­ні бар­лық жа­ра­ты­лыс­ты жа­ра­тып, күл­лі бол­мыс атау­лы­дан үй­ле­сім­ді таң­ға­жай­ып жүйе құр­ған Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз бұл жүйені бұ­за­мын де­се кім ке­дер­гі? Кім ал­дын орап «жоқ» деп ай­та ала­ды? Кез кел­ген жұл­дыз­дың орби­та­сы­нан шы­ғып ке­тіп Жер ша­ры­на со­ғы­луы қия­мет­тің бо­лу­ына се­беп емес пе? Қия­мет­тің қа­шан бо­ла­ты­ны Құран­да ­яки ха­дис­те біл­ді­ріл­ме­ген­дік­тен, нақ­ты уақы­ты бір Аллаға ға­на мә­лім. Құ­ран­да: «Олар се­нен қия­мет­тің қа­шан бо­ла­ты­нын сұ­рап жа­тыр. Олар­ға айт: Оның қа­шан бо­ла­ты­ны жай­лы мәлімет тек қа­на Раб­бым­ның жа­нын­да ға­на. Оның уақы­тын Одан бас­қа еш­кім біл­ді­ре ал­май­ды. Қия­мет көк­те­гі­ге де, жер­де­гі­ге де (қиын­ды­ғы, қор­қы­ныш­ты­лы­ғы сон­ша­лық) ауыр ке­ле­ді. Қия­мет сен­дер­ге ке­нет­тен ке­ле­ді. Сен оны бі­ле­тін­дей олар се­нен (қа­шан бо­ла­ты­нын) сұ­рас­ты­ра­ды. Олар­ға бы­лай деп айт: Қия­мет­тің уақы­ты жай­лы бі­лім тек қа­на Алланың жа­нын­да. Бі­рақ адам­дар­дың кө­бі­сі мұ­ны біл­мейді».[1]

Адам ба­ла­сы үшін қия­мет­тің қа­шан бо­ла­ты­нын бі­лу өте ма­ңыз­ды емес. Қия­мет­тің қа­шан бо­ла­ты­нын біл­сек те, біл­ме­сек те әр­бір адам­ның өлі­мі сол адам үшін қия­мет емес пе? Мі­не, сон­дық­тан әр адам­ның қияме­ті са­на­ла­тын өлі­мі­нен кейін бас­та­ла­тын мәң­гі­лік өмір­де ба­қыт­қа қол жет­кі­зуіміз үшін із­гі іс­тер іс­теп, кү­нә­лар­дан аулақ бо­луымыз лә­зім.

Алла Та­ға­ла өзі­нің сүйік­ті құл­да­ры үшін жән­нат меке­нін­де мы­на дү­ниеде бұ­рын-соң­ды кө­зі­міз көр­ме­ген, құ­ла­ғы­мыз ес­тіп-біл­ме­ген, ақы­лы­мыз ой­лап, елес­те­те алма­ған мәң­гі­лік сый-сыя­пат әзір­ле­ген.

[1] Ағ­раф сү­ре­сі / 187.

0 пікір