Ғұмырың жетсе...
Ғұмырың жетсе...
8 жыл бұрын 3166

Ерте-ерте, ертеде, шалды көрсе шамдана қалатын, қартты көрсе қабағын шытатын, атасындай ақсақалды да аяуды білмейтін бір қатігез жігіт болыпты, - деп басталады Шығыс ертегілерінің бірі.

Күндердің күнінде әлгі жігіт көшеде асатаяғына асылып, қалт-құлт етіп әрең жүріп бара жатқан бір қарт кісіні көріп қалады. Белі бейне бір тартылған садақтай екі бүктеліп қалған шалды мазақ еткісі келген жігіт:

- Ей, шал! Бұл садақты қанша динарға сатып алдың? Дәл сенікіндей садақ сатып алуды армандап жүр едім. Қымбат па өзі?- деп қарқылдай күліпті.

Сонда әлгі қария өзін кекетіп тұрған жігітке күлімсірей қарап:

Сабыр ет, жігітім. Егер шамаң келіп, менің жасыма жеткенше мына қара жерді басып жүруге жарасаң, онда дәл менікіндей садақты тәңірім тегін береді саған, сыйға тартады, - депті.

0 пікір