"Естіген ілімнен пайда ала алмай жүрміз" деген адамға ғалымның айтқаны...
"Естіген ілімнен пайда ала алмай жүрміз" деген адамға ғалымның айтқаны...
4 жыл бұрын 4914

 Бір адам дана кісінің біріне келіп:

-Неге біз естіген ілімімізден рухани пайда ала алмай жүрміз? – деп сұраған екен. Сонда дана оған:

- Мына бес нәрсе себепті, - деп, ол бес нәрсені былайша сайып өтіпті:

  • Алла нығметін сендерге беріп жатыр, бірақ соған шүкір етпейсіңдер.
  • Қашан күнә жасап қойсаңдар, ол үшін Құдайдан кешірім тілемейсіңдер.
  • Үйренген ілімдеріңе амал жасамайсыңдар.
  • Салиқалы, әрі игі жақсылармен жолдастық құрасыңдар, бірақ оларға еліктемейсіңдер.
  • Өлілеріңді көмесіңдер, бірақ олардан ғибрат алмайсыңдар[1].

[1] Әбу Ләйс әс-Самарқанди: «Тәнбиһуль Ғофилин». 274-275 бет.

0 пікір