"Арқама мін бауырым...": Достық және достықтың мақсаты жайында
"Арқама мін бауырым...": Достық және достықтың мақсаты жайында
20 күн бұрын 1611

Сәһл бин Ибраһим былай дейді:

Ибраһим бин Әдһәм екеуміз дос едік. Бір жолы қатты ауқастандым. Сонда Ибраһим бин Әдһәм қолында барын менің денсаулығым үшін жұмсады. Сосын тәуір бола бастадым. Бір кезде одан жегім келген бір тамақты сұрадым. Қолында ештеңе қалмағандықтан есегін сатып қалауымды орындапты. Сауыққан соң бір жерге бару үшін есек қажет болып:

- "Ей, Ибраһим, есек қайда?" - деп сұрадым.

Ибраһим бин Әдһәм:

- "Сатып жібердік" - деді. Денсаулығым жаяу жүруге жарамағандықтан:

- "Жарайды, бірақ, мен енді неге мінем?" - дедім.

Сонда арифтердің сұлтаны:

- "Арқама мінесің бауырым!" - деп, мені үш күндік жерге арқалап барды.

ҚИССАДАН ҮЛГІ:

Ізет пен сыйға толы тамаша, жақсы күнде барлығы дос. Бірақ, нағыз достық қиын - қыстау күндері белгілі болады. Оның бағасы ештеңемен өлшенбейді. Осы тұрғыдан әулиеліктің сыры - қаншама жамандықтарға толы осы жалғанда Аллаһқа, Расулына және салих мүминдерге дос болып, олармен достықты жалғастыра білу.

Екінші жағынан әсіресе мұқтаж кезінде мүмин бауырларға жасаған достық пен жанқиярлық Аллаһ Тағаланың рахымына бөленуге себеп болады. Өйткені, Аллаһ Тағала құлдарына шек-

сіз рахмет пен жақсылық иесі болып, Хазіреті Пайғамбарды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да әлемге рахмет ретінде жіберген еді. Хадис шәрифте былай делінеді: "Мейірімді, қайырымды адамға Рахман болған Аллаһ та қайырымдылық етеді" (Әбу Дәуіт, Әдеп 58). 

ДОСТЫҚТЫҢ МАҚСАТЫ

Абдұллаһ бин Мүбәрәк Хазірет жаман мінезді біреумен сапарда болады. Сапар бітіп бөлінер кезде Абдұллаһ бин Мүбәрәк мұңайып, жылады. Бұған таңданған достары:

- "Неге жылайсың? Сені осынша қайғыртқан не нәрсе?" - деп сұрады.

Аса қадірлі Хақ досы іш тартып, көзін жасқа толтырып:

- "Сонша бірге жол жүргеніммен, бірге жүрген досымның жаман мінездерін түзете алмадым. Әлгі бишараның ахлағын жақсарта алмадым. Менің қандай да бір кемшілігім болып, оған пайдам тимеді ме, деп ойлаймын. Егер ол менен туындаған қателік себепті дұрыс жолға түспеген болса, ертеңгі халім не болмақ!" - деді де, өксігі тамағына тығылып, жылай берді. 

Достық үнемі рухани тұрғыдан пайдалы бір мақсатта болу керек. Бұл бойынша ізгі-салихтармен дос болып жақын жүру – олардан пайдалану үшін болмақ. Ал, салих емес, тіпті, кемшіліктері бар, рухани тұрғыдан әлсіз адамдармен достасып, жақын жүру – оларға пайдалы болу мақсатында болуы керек. Өйткені, рухани пайдадан алыс, тек қана надандықпен құрылған достық екі дүниеде де қайғыға ұшырататын зиян деген сөз. Және сол зиянның ең жеңілі: "Асау аттың қасындағы - не мінезінен, не ішіп-жегенінен әсер алады!" қағидасы бойынша бір нәтижеге душар етеді. Екінші жағынан кемшілігі мен нұқсандығы бар адамдарға бағыт берген кезде ұстанатын тәсіл – жағымсыз нәтиже болған жағдайда оларды ренжіту емес, менен кемшілік болды ма деп нәпсісін жауапқа тарту болуы керек. Өйткені, егер бізден туындаған қателіктер мен кемшіліктер себепті қасымыздағы адамды тура жолға тарта алмаған болсақ, мұның есебі мен обалы өте ауыр болады. Мақсат – перде болу емес, пердені ашып ақиқатты көрсете білу.


Осман Нұри Топбаш, "Иманнан Ихсанға Тасаууф" кітабынан. (Қазақша аударма).

 

0 пікір