Құдайсыздардың алдануы (1 бөлім)
Құдайсыздардың алдануы (1 бөлім)
2 жыл бұрын 4552
Имам Ғазали (рахимаһуллаһ)

Құдайға сенбейтін кәпірлердің алдануы екі жөннен көрініс табады:

1) Біріншісі - Дүние өмірі алдағандар.

2) Екіншісі - Алла жайында алданғандар (адасқандар).

Дүние өмірі алдатқандарға келсек, олар былай деушілер: «Қолма-қол ақша – несиеден жақсы. Сол сияқты, дүние өмірінің ләззәты – айқын, анық. Ақыреттің ләззаты болса – күмәнді. Айқын күмәнға ауыстырылмайды» дейді олар. Бұл – қате қисын. Бұндай логика Ібіліс малғұнның логикасы. Ол өз сөзінде (Адам атаға сәжде жаса дегенде) былай деген еді: «Мен одан – абзалмын». Ібіліс тұлғаның абзалдығы – шыққан тегінде деп ойлады.

Дүние өмірі алдатқандардың емі екі жолмен болады:

1) Біріншісі - Тасдиқ емі арқылы, яғни, растау және мойындау емі. Бұл – иман ету деген сөз.

2) Екіншісі - Ақли дәлелдер емі.

Біріншісі Тасдиқ емі – Алла Тағаланың мына қасиетті сөздерін растау арқылы болмақ: «Алланың құзырындағы (нығметтер) жақсырақ әрі қалушы» (аят). «Дүние өмірі тек алдамшы нәрсе ғана». (аят). Сондай-ақ, тасдиқ емі – Пайғамбарымызды (с.а.у.) және оның әкелгендерін (шариғатты) мойындау, растау арқылы да болмақ.

Екіншісі Ақли дәлелдер емі болса – жоғарыда келтірілген логикасының (қисынының) қате тұсын білуі. Оның: «дүние қолма-қол ақша, ақырет несие» деген сөзі дұрыс теорема. Бірақ «қолма-қолдылық несиеден абзал» деген жері қате. Шын мәнісінде олай емес. Егер қолма-қолдың (мысалы, ақшаның) мөлшері несиенің мөлшерімен бірдей болса, онда сөзсіз қолма-қол (ақша) абзал болады. Ал мөлшері несиеден аз болса, ол кезде сөзсіз несие жақсырақ. Ендеше, ақырет өмірі мәңгі екендігі мәлім. Дүние өмірі болса, мәңгі емес, қысқа. (Олай болса, ақырет өмірі абзал болмағы керек).

Ал енді олардың: «Дүние өмірінің ләззаты айқын, анық, ал ақыреттік ләззат (мысалы, пейіш) болса күмәнді» деген уәждері де бекер. Себебі иман еткен мүмін-мұсылмандар үшін ақыреттің рақаты айқын, анық.

Ақыреттік өмірдің айқын екендігі екі жолмен білінеді:

1) Біріншісі – емделу үшін талантты дәрігердің айтқанына сеніп, соның дегенін істейтіні секілді, пайғамбарлар мен дін ғалымдардың ізіне еру арқылы иман етіп, растау.

2) Екіншісі – пайғамбарлар уахи арқылы біледі, әулиелер илһәм арқылы біледі.

Осы орайда, Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ақырет жағдайлары мен дүние жағдайларын білуі Жебірейіл періштенің айтқанына ерумен (періштені тәқлид ету арқылы) деп ойлап қалма. Себебі еру (тәқлид) – нақты күмән келтірмейтіндей таным  емес (нақты сенімді танымды тудырмайды). Ал Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ақыреттік танымы ондай болудан (күмәнді болудан) таза. Пайғамбарға (с.а.у.) әр нәрсенің ақиқаты ашық көрсетілген. Ол көкірек көзінің нұрымен ақыреттік өмірді анық көрген, құдды сенің сезіп білетін заттарды көзбен көргенің секілді.

Кейбір мүміндердің алдану тұрғысынан құдайсыз кәпірлермен ортақ тұсының болуы

Мүмін-мұсылмандар тілдерімен және сенімдерімен, Алланың әмірін орындамаса, яғни, ізгі істер істемесе және нәпсани құмарлықтарына берілсе, олар алдану тұрғысынан қарағанда құдайсыз кәпірлермен тең. Әсілінде, дүние өмірі кәпірлер үшін де, мүміндер үшін алдану себебі.

Ендігісі, құдайсыздардың екінші тобы - Алла жайында алданғандар (адасқандар) жайында. Жалғасы:

Қазақшалаған Абдусамат Қасым

0 пікір